19.03.2025, 10:36 66096
ҚР мен ҚХР екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд құрады
Достарға айту
ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр Қытай Халық Республикасына жұмыс сапары аясында Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитетінің 12-ші отырысына қатысты, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Комитет отырысы барысында екі елдің орталық мемлекеттік органдары өкілдерінің қатысуымен кедергісіз сауданы дамыту үшін қолайлы жағдай жасау, екі елдің көліктік өзара байланысын нығайту, өндірісті локализациялау арқылы Қазақстан аумағында бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды.
Іс-шара қорытындысы бойынша тараптар Қазақстан-Қытай Ынтымақтастық комитеті 12-ші отырысының хаттамасына қол қойды. Тараптар Комитеттің қызметін жетілдіру мақсатында оның құрамына Индустриялық-инвестициялық ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру комитетін қосу және Білім саласындағы ынтымақтастық жөнінде кіші комитет құру туралы шешім қабылдады. Сондай-ақ тараптар су ресурстары және мұрағат саласындағы ведомствоаралық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі құжаттарға қол қойды.
ҚХР Мемлекеттік кеңесі Премьерінің орынбасары Дин Сюэсянмен екіжақты келіссөздер барысында Қазақстан мен ҚХР үкіметтері ынтымақтастығының негізгі бағыттары талқыланды, сондай-ақ сауда, инвестициялар, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, энергетика, туризм салаларындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылды.
Тараптар Қазақстан мен Қытайдың арасындағы кең ауқымды мәселелер бойынша ынтымақтастықтың даму динамикасын оң бағалады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша екіжақты сауда көлемі $43,8 млрд-ты құрады.
Сапар аясында қытайлық компаниялармен - металлургия, энергетика, машина жасау және агроөнеркәсіптік кешен салаларының көшбасшыларымен бірқатар кездесулер өтті. Қазақстандық делегация құрамында салалық министрліктер мен ірі отандық кәсіпорындардың басшылары болды.
Қазақстанда көмір химиясы, көлік жасау, ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу және жаңартылатын энергия көздері саласындағы бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыру келешектері талқыланды.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары өнеркәсіпті дамыту еліміз үшін маңызды басым міндет болып саналатынын атап өтіп, қытайлық компанияларды қазақстандық бизнес-қоғамдастықпен тығыз әріптестікке шақырды.
Өз кезегінде Қытайдың жетекші компанияларының өкілдері стратегиялық жобаларды іске асыру үшін сенімді серіктес ретінде Қазақстанға қызығушылық танытты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
14.04.2025, 16:36 22916
Қазақстанда банктік лицензияның жаңа түрі пайда болады
Достарға айту
Қазақстанда банктік лицензияның жаңа түрі - "базалық" лицензия пайда болады. Жаңа ереже Банктер және банк қызметі туралы жаңа заң жобасына енгізілді. Заң жобасын Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша әзірледі, деп хабарлайды Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің баспасөз қызметінен.
Базалық лицензияны енгізу жаңа банктердің нарыққа кіру жағдайларын жеңілдетеді және бәсекелестікті арттырады, сондай-ақ экономикаға кредит беруге оң әсер етеді. Базалық лицензия әмбебап лицензиядан белгілі бір операцияларға арналған шектеулермен ерекешеленеді. Операциялардың ауқымы да шектеледі, байланысты тараптарға кредит беруге тыйым салынады.
Сонымен қатар, операцияларды шектеумен қатар кейбір пруденциялық талаптар төмендетілетін болады. Атап айтқанда, капитал, өтімділік және басқа көрсеткіштер бойынша талаптар, сондай-ақ есептілік санын азайту жоспарлануда.
Базалық лицензиясы бар банктерде активтер мөлшеріне шектеу болады. Егер банк белгіленген шекті деңгейге жетсе, онда оған әмбебап лицензия алу қажет болады. Мысалы, әр түрлі елдерде базалық банктік лицензиямен жұмыс әмбебап лицензия алғанға дейін бейімделу кезеңі болып саналады.
Бұл ретте реттеуді жеңілдетуге қарамастан, қадағалау бөлігінде ұсынылған тәсіл қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету және тұтынушылардың құқықтарын қорғау үшін жеткілікті болады. Тәуекелдерді басқару жүйелеріне жеңілдіктерді ескере отырып, негізгі қадағалау моделі SREP (Supervisory Review and Evaluation Process), инспекторлық тексерулер және т. б. болады.
Базалық лицензияны енгізу банк секторындағы бәсекелестікті күшейтеді және қаржы нарығын дамытуға қосымша ынталандыру береді деп күтілуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
14.04.2025, 13:26 23161
2025 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша теміржол тасымалы 4,4% өсті
Достарға айту
2025 жылғы қаңтар - наурыз айларының қорытындылары бойынша ҚТЖ желісінде тиеу көлемі 64,2 млн тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңі көрсеткішінен 4,4% артық. Осы көлемнің 41 млн тоннасы ішкі тасымалдауға тиесілі. Экспорт 12% өсіп, 23,2 млн тоннаны құрады, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметінен.
Негізгі позициялардың қатарында - көмір, тоқсан ішінде оның 26,7 миллион тоннасы тиелсе, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 1,4% жоғары. Қатты отынның ішкі қажеттіліктері толығымен қанағаттандырылды. Көмір экспорты 16,2%, яғни 7,5 млн тоннаға дейін өсті.
Астық бойынша да айтарлықтай өсім тіркелді: тиеу өткен жылмен салыстырғанда 48,7% артып, 3,6 млн тоннаға жетті. Оның 2,8 млн тоннасы - экспорт, бұл 2024 жылғы көрсеткіштен 52% жоғары.
Сондай-ақ мұнай жүктерін тиеу - 3,4% (5 млн тоннаға дейін), қара металдарды тиеу - 11,4% (1,1 млн тоннаға дейін), химиялық тыңайтқыштарды тиеу - 19,6% (1,2 млн тоннаға дейін) және құрылыс материалдарын тиеу 4,6% (2,8 млн тоннаға дейін) ұлғайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.04.2025, 17:04 50821
Қазақстанда газ өндіру көлемі өседі деп күтілуде
Достарға айту
Қазақстан газ саласын айтарлықтай нығайтуға бағытталған стратегиялық бастамаларды жүзеге асыруға кірісті. Энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов "Energy Trends: Gas & Petrochemicals" халықаралық конференциясында төрт жаңа газ өңдеу зауытын (ГӨЗ) салу, магистральдық инфрақұрылымды кеңейту және мұнай-газ химиясын дамыту жөніндегі нақты қадамдар туралы баяндады, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Бұл шаралар елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ішкі газ тұтыну сұранысын қанағаттандыру және жоғары технологиялық газ-химия өнеркәсібінің негізін қалау мақсатында әзірленген кешенді стратегияның бір бөлігі болып табылады.
Вице-министрдің айтуынша, шикі газ өндірісі өсіп келеді: 2024 жылы 59 млрд текше метрден 2025 жылы 62,8 млрд текше метрге дейін артады деп күтілуде. Бұған Теңіз, Қарашығанақ, Қашаған сияқты ірі кен орындарының тұрақты жұмысы мен Рожковское, Анабай және Үріхтау сияқты жаңа кен орындарының іске қосылуы ықпал етпек.
Біздің мақсатымыз - 2030 жылға қарай газ өндіру көлемін 74 млрд текше метрге жеткізу. Бірақ басты міндет - газды ел ішінде барынша тиімді өңдеп, халық пен өнеркәсіпті үздіксіз қамтамасыз ету, сондай-ақ газ-химия өнеркәсібі үшін сенімді шикізат базасын қалыптастыру", - деп атап өтті энергетика вице-министрі Әлібек Жамауов.
2024 жылы өндірілген тауарлық газдың 79%-ы ішкі нарыққа бағытталды, бұл отандық тұтынушыларды қамтамасыз етуге басымдық берілетінін көрсетеді.
Алдағы уақытта төрт жаңа ГӨЗ салу жоспарланған: Қашағанда екі кезеңмен (жалпы қуаты 3,5 млрд м³/жыл), Қарашығанақта (4 млрд м³/жыл) және Жаңаөзенде жаңа ҚазГӨЗ (0,9 млрд м³/жыл).
Мұнай-газ химиясын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Қазіргі уақытта карбамид, аммиак, метанол, сондай-ақ сұйытылған мұнай газы (СНГ) негізінде алкилат пен полипропилен өндіру бойынша ірі жобалар әзірленіп жатыр. Бұл жобалар ауқымды инвестиция тартуға және мыңдаған жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.
Газ саласын дамыту - кешенді міндет. ГӨЗ бен газ құбырларын салу елді мекендерді газдандырумен және мұнай-газ химиясында жаңа өндірістерді іске қосуды қатар қамтиды", - деді Әлібек Жамауов.
Оның айтуынша, осы бағыттардың барлығы 2025-2029 жылдарға арналған газ саласын дамытудың кешенді жоспарында көрініс табады. Жоспарды іске асыру 2029 жылға дейін салаға 25 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция тартуға және мыңдаған жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді, бұл ел экономикасын әртараптандыруға елеулі үлес қоспақ.
Сонымен қатар, газ тасымалдау жүйесін дамыту жалғасады. Жоспарда "Бейнеу - Бозой - Шымкент" магистральдық газ құбырының екінші желісін, "Ақтөбе - Қостанай" және "Талдықорған - Үшарал" газ құбырларын салу қарастырылған. Сондай-ақ, өңірлерді газдандыру жұмыстары жалғасады (қазіргі деңгейі - 62,4%). Министрлік газ саласындағы заңнаманы жетілдіру бойынша да белсенді жұмыс жүргізуде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.04.2025, 12:38 53056
Ұлттық Банк базалық мөлшерлемені 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады
Достарға айту
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п.т. дәлізімен жылдық 16,5% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ұлттық банкінің баспасөз қызметінен.
Жылдық инфляция наурыз қорытындысы бойынша 10%-ке дейін жеделдеп, болжамды диапазон шегінде (10-12%) қалыптасты. Жылдық инфляцияның негізгі қозғаушы күші - қызмет көрсету секторы болып отыр. Бұл реттелетін тарифтердің бірінші тоқсанда күткеннен жоғары өсуімен және нарықтық қызметтердің қымбаттауымен байланысты. Азық-түлік инфляциясының үлесі айлық және жылдық көрсеткіштерде арта түсті.
Айлық динамикада тұрақтанудың алғашқы белгілері байқала бастады. Инфляция ақпандағы 1,5%-пен салыстырғанда наурызда 1,3%-ке дейін баяулады. Бұл азық-түлікке жатпайтын тауарлар мен нарықтық қызметтердің бәсеңдеуіне байланысты. Базалық инфляция - 0,9%, ал маусымдық әсерлерден тазартылған инфляция - 1,0% деңгейінде қалыптасып, ұқсас динамика көрсетіп отыр.
Алайда, маусымдық факторлардан түзетілген ағымдағы инфляция қаңтар-наурыз айларында (немесе 1-тоқсанда) орташа есеппен әлі де жеделдеп, бір жылға есептегенде 14,2% деңгейіне жетті. Бұған тарифтік реформалардың жалғасуы, проциклдік фискалдық ынталандыру және орнықты тұтынушылық сұраныс ықпал етті.
Наурызда қысқамерзімді инфляциялық күтулер біршама төмендегенімен, сауалнама нәтижелерінде белгісіздік деңгейі артты. Ұзақмерзімді күтулер жоғары деңгейде қалды. Кәсіби қатысушылардың инфляция бойынша күтулері 8,7%-тен 10,6%-ке дейін өсті.
Сыртқы жағдай әлемдік азық-түлік бағасының жоғары болуына және негізгі сауда-серіктес - Ресейдегі екі таңбалы инфляцияға байланысты проинфляциялық қалпында қалып отыр. Дамыған экономикаларда инфляция жыл басынан бері баяулап келе жатқанына қарамастан, белгісіздік күшейіп келеді. ФРЖ мөлшерлемені өзгеріссіз қалдырып, төмендету цикліндегі үзілісті ұзартты. Сонымен қатар, ФРЖ экономикалық өсу болжамын төмендетіп, инфляцияның сәл жоғары болуын күтеді. Еуропа Орталық Банкі (ЕОБ), керісінше, экономикалық белсенділікті қолдау үшін, мөлшерлемені төмендетуді жалғастырып, дезинфляциялық үдерісті тоқтата алатын тарифтік шаралар мен фискалдық шығыстардың баға қысымына әсер ететін тәуекелдерге назар аударды. Жалпы алғанда, АҚШ-тың сауда саясатына байланысты әлемдік экономикада белгісіздік пен сұраныс төмендеуі қаупі артты. Бұл мұнай бағасының күрт төмендеуіне және қаржы нарықтарындағы құбылмалылықтың күшеюіне алып келді.
2025 жылы қаңтар-наурыздағы жылдам деректерге сәйкес экономика ж/ж 5,8% өсім көрсетті. Бұл өсім көлік (21,0%), құрылыс (16,9%), өңдеу өнеркәсібі (8,7%), тау-кен өндірісі (6,1%) және сауда (6,3%) салаларындағы белсенділікке байланысты болды.
Ішкі сұранысқа инфрақұрылымдық жобалардың іске асыруы, тұтынушылық кредит беру және халық табысының ұстамды өсуі қолдау қөрсетеді. Дегенмен, 1-тоқсанда тұтынушылық сұраныстың бәсеңдеу белгілері байқалуда. Бұл 2024 жылғы қазандағы 19,3%-тен кейін ақпанда 5,1%-ке дейін бөлшек сауда айналымының баяулау деректерімен, сондай-ақ сауалнамаларға сәйкес ірі сатып алулар индексінің төмендеуімен расталады.
Проинфляциялық тәуекелдер жоғары деңгейдегі инфляциялық күтулермен, тарифтердің одан әрі өсуімен, бағалардың ырықтандырылуымен және салық жүктемесінің күтілетін артуымен байланысты.
Сыртқы орта тарапынан Ресейдегі екі таңбалы инфляция қаупі сақталып отыр. Қосымша алаңдаушылық АҚШ-тың сауда саясатын қатаңдатуы және оған жауап ретінде қабылданған шаралар аясында әлемдік рецессия тәуекелдерінің артуымен байланысты. Бұл фрагментация мен деглобализацияның жаңа кезеңін, сондай-ақ логистикалық проблемаларды көрсетеді. Аталған үрдістер мұнай, қаржы және тауар нарықтарына қысым жасап, болашақта инфляциялық қысымды күшейтуі мүмкін.
Сонымен қатар, іске асырылып жатқан алтын-валюта операцияларын теңестіру шаралары, сондай-ақ тұтынушылық кредиттеуді азайтуға арналған жарияланған макропруденциялық шаралар жоспарланып отырған минималды резервтік талаптарды (МРТ) қайта қараумен бірге базалық мөлшерлеменің дезинфляциялық әсерін қолдайды.
Жиынтық ақша-кредит шарттары ұстамды-қатаң деңгейде сақталады. Бұл сұраныс динамикасын бірқалыптандыру және инфляцияның төмендеу үрдісін бекіту үшін қажет.
Инфляцияға әсер етуші факторлардың қалыптасқан тепе-теңдігін, оның қазіргі қарқынын, сыртқы ортадағы проинфляциялық үрдістері мен жоғары белгісіздік деңгейін ескере отырып, алдағы шешімдер аясында базалық мөлшерлемені төмендетуге алғышарттар әзірге қалыптасқан жоқ.
Алдағы болжамдық кезең аясында тәуекелдердің қалыптасып жатқан балансы, соның ішінде талқыланып жатқан салық реформасының ықпалы, АҚШ тарифтік саясатының салдары және өзге де факторлар бағаланатын болады. Мөлшерлеме бойынша шешімдер келіп түсетін деректер мен инфляция перспективаларына берілетін бағаларға байланысты қабылданады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ақша-кредит саясаты комитетінің базалық мөлшерлеме бойынша кезекті жоспарлы шешімі 2025 жылғы 5 маусымда Астана уақытымен сағат 12:00-де жарияланады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
11.04.2025, 11:42 52826
FlyArystan Алматыдан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа рейс ашуда
Достарға айту
FlyArystan Алматыдан Қытайдың Инин (Құлжа) қаласына жаңа рейс ашуда, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметінен.
Қазақстандық FlyArystan лоукостері Қытайға Алматы - Инин (Құлжа) - Алматы жаңа маусымдық бағыты бойынша билеттерді сатылымының басталғанын хабарлайды.
Алғашқы рейс 2025 жылдың 18 мамырына жоспарланған. Рейстер аптасына екі рет - бейсенбі және жексенбі күндері орындалады.
FlyArystan бұл бағытта қызмет көрсететін алғашқы қазақстандық әуекомпания болмақ. Инин, сондай-ақ Құлжа атауымен белгілі қала, Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық аймағында орналасқан және Іле-Қазақ автономиялық аймағының әкімшілік орталығы қызметін атқарады. Қазақ диаспорасының басым көпшілігі осы қалада тұрады. Инин Қазақстан мен Қытай шекарасындағы негізгі көлік торабы Хоргос маңына жақын орналасқан. Алматыдан Ининге дейінгі жол құрлықпен орта есеппен 10 сағатты алса, рейспен шамамен бір сағат уақытты алады.
Сонымен қатар, FlyArystan бұған дейін Астанадан Үрімшіге 2025 жылдың 13 сәуірінен бастап аптасына екі рет орындалатын рейстердің қайта басталатынын жариялаған болатын. Астанадан ұшу бейсенбі және жексенбі күндері жоспарланған, ал Үрімшіден кері рейстер дүйсенбі және жұма күндері орындалады.
Айта кетейік, 2025 жыл ресми түрде Қытайдың Қазақстандағы Туризм жылы болып жарияланды. 2023 жылдың 10 қарашасынан бастап екі ел арасында визасыз режим енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.04.2025, 17:11 59731
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті
Достарға айту
Жыл басынан бері өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі 8,7%-ға өсті, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметінен.
Премьер-министр Олжас Бектенов ел экономикасын дамыту мәселесі жөнінде жұмыс кеңесін өткізді. Өнеркәсіптің өсуін қамтамасыз ету шараларына назар аударылды.
Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев Мемлекет басшысының өндіріс көлемін ұлғайту мен өсу үрдісін бекіту бойынша тапсырмаларын орындау аясында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.
Биылғы қаңтар-наурыз айларында өңдеу өнеркәсібінде тұрақты оң серпін 8,7% деңгейінде сақталып отыр. Негізгі өсім машина жасау (17,7%), тамақ өндірісі (13,2%), машиналар мен жабдықтарды қоспағанда, дайын металл бұйымдары (28,7%) салаларындағы көрсеткіштердің өсуі арқасында қамтамасыз етілген. Сонымен қатар тау-кен өнеркәсібінде өсім (6,1%) байқалды.
Құрылыс саласында тоқсандық қорытынды негізінде өсу көрсеткіші 16,9%-ға жетті. Мектептер, автокөлік жолдары, теміржол желілері, инженерлік инфрақұрылым құрылысы бойынша жұмыс көлемінің артуы туралы баяндалды.
Премьер-министр отандық өндірістермен, оның ішінде Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны жүзеге асыру шеңберінде өзара іс-қимылды арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
Анықтама: ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының алдын ала деректері бойынша, биылғы қаңтар-наурыз айларында ЖІӨ өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,8%-ды құрады. Нақты көлем индексі көлік саласында - 21%-ды, құрылыста - 16,9%-ды, өнеркәсіпте - 6,6%-ды, саудада - 6,3%-ды құрайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
10.04.2025, 17:09 59951
Транскаспий бағыты бойынша тасымалдау көлемі 62 пайызға өсті
Достарға айту
Мемлекет басшысы Көлік министрі Марат Қарабаевты қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметінен.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа министрліктің өткен жылы атқарған жұмысының қорытындысы бойынша есеп беріліп, алдағы кезеңге арналған жоспары таныстырылды.
Марат Қарабаевтың айтуынша, былтыр көліктің барлық түрі бойынша тасымал көлемі 6 пайызға өскен. Транскаспий халықаралық көлік дәлізі арқылы жүк тасымалдау 62 пайызға ұлғайып, 4,5 миллион тоннаны құрады. Алматы, Қызылорда және Шымкент қалаларының әуежайларында 3 жаңа жолаушылар терминалы салынды. 12 мың шақырым жол жөнделді. Қарағанды - Алматы, Талдықорған - Өскемен, Ақтөбе - Қандыағаш және Атырау - Астрахань тас жолдарындағы жаңғырту жұмыстары аяқталды.
Министрдің мәліметінше, отандық әуе компаниялары 14,7 миллион жолаушыны тасымалдаған. Бұл сектордағы көрсеткіш 10 пайызға ұлғайған. Әуежайларда 29,7 миллион адамға қызмет көрсетілген, яғни 14 пайызға артқан. Теміржол көлігімен 21 миллион жолаушы тасымалданып, өсім 3,9 пайызды құраған.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа биыл ведомствоның Еуропа, Азия және Таяу Шығыс елдеріне 19 жаңа әуе бағытын ашуды жоспарлап отырғаны жөнінде баяндалды. Катонқарағай, Зайсан және Кендірлі әуежайларының құрылысы басталды. Сонымен қатар 125 теміржол бекетін жаңғырту жұмыстары қолға алынады. Достық - Мойынты, Алматы айналма теміржолы, Дарбаза - Мақтаарал, Аягөз - Бақты және Қызылжар - Мойынты секілді 5 ірі теміржол жобасы жүзеге асырылып жатыр.
Кездесу соңында Президент қазақстандықтардың жол жүруіне анағұрлым қолайлы жағдай жасау, туристік нысандарға қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Орталық - Батыс автожолының құрылысын жеделдету, Батыс Еуропа - Батыс Қытай дәлізін кеңейту, Транскаспий халықаралық көлік дәлізін дамыту, ішкі және халықаралық әуе рейстерінің санын көбейту, көлік секторына инвестиция тарту жұмысын күшейту жөнінде тапсырма берді.
Қасым-Жомарт Тоқаев көлік-логистика саласын өркендетудің, сондай-ақ көлік инфрақұрылымын жаңғырту жобаларын сапалы әрі уақтылы жүзеге асырудың маңызына ерекше назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
09.04.2025, 20:45 67176
Алматыда қытайлық компанияның қатысуымен қоқыс өңдеу зауыты салынады
Достарға айту
Алматы әкімі Ерболат Досаев Қытайдың жетекші Shanghai SUS Environment Co., Ltd. Компаниясының президенті Лонг Цзишэнменн кездесті, деп хабарлайды Алматы қаласының әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Shanghai SU Environment Co., Ltd. - экология және энергетика саласындағы кешенді қызметтердің әлемдік басты жеткізушісі, қалдықтарды энергияға қайта өңдеу саласында (Waste-to-Energy) Қытайдағы нарық үлесінің 40% - ын қамтиды. Бүгінгі таңда компания бүкіл әлем бойынша жалпы өңдеу қуаты тәулігіне 110 мың тонна, жыл сайын 18 млрд кВт/сағ электр энергиясын өндірумен және 2,65 млн шаршы метрге дейінгі аумақты жылытуды қамтамасыз етумен 84 жобаны іске асырды. Генерация тиімділігі 26%-ды құрайды, бұл ең жақсы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді.
SUS Environment зауыттарының айрықша ерекшелігі экологиялық қауіпсіздіктің жоғары стандарттары болып табылады. Компанияның кәсіпорындары зиянды шығарындыларды бақылауды қамтамасыз ететін көп сатылы сүзгісі бар түтін газдарын тазартудың озық жүйелерімен жарақтандырылады. Нысандардың айналасында екпелер, көгалдар мен ағаштар бар жасыл аймақтар құрылып, толыққанды эко-индустриалды парк құрады, бұл көршілес аудандардың тұрғындары үшін ыңғайсыздық деңгейін төмендетеді және қолайлы экологиялық ортаны қалыптастырады.
Кездесу барысында Алматыда 270 млн.АҚШ доллары сомасына тікелей шетелдік инвестицияларды тарта отырып, қазіргі заманғы қоқыс өңдеу зауытын салу мәселелері талқыланды. Зауыт тәулігіне 2000 тоннаға дейін қалдықтарды 60 МВт-қа дейін электр энергиясын өндірумен қайта өңдейтін болады, бұл Алматының ҚТҚ кәдеге жарату қажеттілігін жабады және 2029 жылға қарай қалдықтарды қайта өңдеу үлесін 80% - ға дейін жеткізуге мүмкіндік береді. Құрылысты 2025 жылдың күзінде бастау жоспарлануда. Қазіргі уақытта ҚР Үкіметімен инвестициялар туралы келісімге қол қою мәселесі пысықталуда.
Жобаның Бас мердігері ретінде әлемнің 110 елінде ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру тәжірибесі бар China Railway Construction Corporation (CRCC) мемлекеттік корпорациясының еншілес құрылымы - China Civil Engineering Construction Corporation анықталды. Құрылысқа сонымен қатар SUS Environment компаниясының жеке зауыттарында өндірілетін жабдықтар, соның ішінде торлы решеткалар және басқа да негізгі компоненттер қатысады.
Алматыда зауыт салу жөніндегі жобаны іске асырудан басқа, SUS Environment компаниясы кадрлар даярлау жөніндегі өңірлік оқу орталығын құру жөнінде бастама көтерді. Орталық экологиялық құзыреттерді дамытуға және озық технологияларды өңірге беруге жәрдемдесе отырып, Қазақстаннан, Орталық Азия елдерінен, Моңғолиядан, Ираннан және Ауғанстаннан жас мамандарды оқытуға бағдарланатын болады.
Жоба Алматының Шанхаймен стратегиялық әріптестігі аясында жүзеге асырылуда. Жаңа зауыт бүкіл Орталық Азияда электр энергиясын өндірумен қалдықтарды экологиялық кәдеге жарату саласында флагманға айналады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
ИНТЕРНЕТ ТЕЛЕВИДЕНИЕ
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
18.04.2025, 13:48Мемлекет басшысы Yessenov Technopark қызметімен танысты 18.04.2025, 15:52 8626Алматы облысының Ауыл шаруашылығы басқармасын Ғалым Тоқпейісов басқарды18.04.2025, 12:52 8286Мемлекет басшысы жұмыс сапарымен Маңғыстау облысына келді18.04.2025, 16:58 8081Air Astana рейстер кестесіне өзгерістер енгізілетінін хабарлайды18.04.2025, 17:03 7701Елімізде Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдама бекітілді
14.04.2025, 10:03 423212025 жылдың басынан бері жұмыс берушілердің міндетті зейнетақы жарналарымен шамамен 5 млн қазақстандық қамтылған16.04.2025, 17:41 42076Бектенов CITIC Construction басшысы Ян Цзяньцянмен инфрақұрылымды дамытудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады14.04.2025, 16:43 42036Қазақстанда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жария портал құрылды14.04.2025, 17:52 41996Астанадағы санкцияланбаған қоқыс үйінділерінен 2,5 мың тоннаға жуық қалдық шығарылды14.04.2025, 16:40 41791Алатау ауданында 119 СЕСН бұзылды
21.03.2025, 18:05 127351Астанада Наурыз мерекесіне орай ерекше эко-киіз үй орнатылды20.03.2025, 18:41 126971ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов "Үміт" балаларды қолдау орталығына барып қайтты20.03.2025, 17:49 125311Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары мемлекетке құны 26,7 миллиард теңге құрайтын бірегей "Теке" көлін қайтарды20.03.2025, 17:38 123611Тоқаевқа Қазақстандағы су тасқыны жөнінде баяндалды21.03.2025, 11:38 122956Астанада "Қош келдің, әз Наурыз" атты мерекелік іс-шара өтті