Система Orphus

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елордадағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты

27.04.2020, 13:46 9262

Алматы. 27 сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин елордадағы тұрғын үй құрылысының барысымен танысты.

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин биыл Нұр-Сұлтан қаласында пайдалануға беру жоспарланып отырған, "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып жатқан әлеуметтік тұрғын үйлер - "Бағыстан" және "Bazis" тұрғын үй кешендері құрылысын тексерді.

Қазіргі уақытта жалпы ауданы 160 мыңнан астам шаршы метр (2786 пәтер) болатын аталған тұрғын үй кешендерінің құрылысына 500-ге жуық адам тартылған, жұмыс ірі панельді үй құрылысы саласындағы алдыңғы қатарлы әзірлемелерді қолдана отырып, екі ауысымда жүргізіліп жатыр.

Үкімет басшысы барлық құрылыс жұмыстарын сапалы орындап, нысандарды жоспарланған мерзімде пайдалануға беруді тапсырды.

"Үкіметтің қазіргі таңдағы аса маңызды міндеті - құрылыс қарқынын арттырып, әрекет етіп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету", - деді А. Мамин.

2020 жылы елордада шамамен 3 млн шаршы метр тұрғын үй, ал жалпы елімізде 15 млн шаршы метр немесе 150 мың тұрғын үй салынады. Қазақстан Республикасында халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан, аз қамтамасыз етілген отбасылар мен жастардан, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлерінен тұратын 32 мыңнан астам отбасы жалдамалы және несиелік пәтерлермен қамтамасыз етіледі.

Инспекциялық тексеруге Премьер-Министрдің орынбасары Р. Скляр, Нұр-Сұлтан қ. әкімі А. Көлгінов, индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев және т. б. қатысты.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны