Система Orphus

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша, сауданың шамамен 40% "көлеңкеде"

15.08.2019, 18:48 5563

Нұр-Сұлтан.15 тамыз. Kazakhstan Today - ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметтері бойынша, сауданың шамамен 40% "көлеңкеде", яғни оларға салық салынбайды.

Сауданы көлеңкеден шығу тетіктерінің бірі, сауда инфрақұрылымын, оның ішінде сауда нарықтарын жаңғырту болып табылады. Осы орайда, барлық стационарлық емес базарлар біртіндеп заманауи сауда форматтарына көшеді деп жоспарлануда.

Өндірушілерден халыққа өнімдерді ең аз үстеме бағамен жеткізуге және дұрыс сақтамау мен тасымалдаудан болған шығынды екі есе азайтуға мүмкіндік беретін көтерме-тарату орталықтарын салу жұмыстары жүргізілуде.

Болашақта қазақстандық тауарларды жинақтау, өңдеу және сыртқы нарықтарда, оның ішінде Ресей Федерациясында және Орталық Азияда сату арқылы жылжыту кезінде КТО және ТО желісін пайдалану ұсынылады.

Сонымен қатар, мекемеде электрондық сауданы дамыту жұмыстары жүргізілуде.

Министрлік ішкі электрондық сауданы дамытуға және электронды сауда арқылы тауарлардың экспортын жылжытуға бағытталған "Қазақстан Республикасында электрондық сауданы дамытудың 2019-2025 жылдарға арналған жол картасын" қабылдады.

Осы Жол картасын іске асыру, 2025 жылға қарай бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі электрондық сауданың үлесін 5% дейін арттыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта электрондық сауда алаңын құру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Анықтама үшін:

Әлемдік экономиканы жаһандық цифрландыру, электрондық сауда нарығының жыл сайын 11% -дан астам өсуін қамтамасыз етеді.

Халықаралық сарапшылардың болжамдары бойынша 2023 жылға қарай ғаламдық электрондық сауда нарығы 2,8 трлн. АҚШ долларын құрайды.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны