29.05.2014, 20:38 3162

Р. Сұлтанов: Интеграция - мақсатқа жету құралы

Мәселен, 2013 жылы Қазақстанның Ресеймен және Беларусиямен тауар айналымы 2009 жылғы яғни, "интеграцияға дейінгі" жағдай бойынша 87,6% артып, 24,2 млрд. долл. құрады. Сонымен қатар, Қазақстандық экспорт динамикасын да атап өтпекшімін. Ол 3 жылда 64%-ға өсті. Ал, ақшалай айтатын болсақ, 5,9 млрд. долл. жетті.

Алматы. 29 мамыр. Kazakhstan today. Кедендік одақтың жұмысынан отандық экономика, бизнес пен қарапайым адамдар не алды және Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қызметінен не өзгереді? "Нұр Отан" партиясының ресми порталына сұхбат берген "Сауда саясатын дамыту орталығы" АҚ бас директоры Руслан Сұлтанов осы мәселелер төңірегінде ой бөлісті.

"Жасыратыны жоқ, бүгінде КО аумағында еркін тауар айналымы және жалпы сыртқы сауда саясаты өзінің оң нәтижесін беруде. Мәселен, 2013 жылы Қазақстанның Ресеймен және Беларусиямен тауар айналымы 2009 жылғы яғни, "интеграцияға дейінгі" жағдай бойынша 87,6% артып, 24,2 млрд. долл. құрады. Сонымен қатар, Қазақстандық экспорт динамикасын да атап өтпекшімін. Ол 3 жылда 64%-ға өсті. Ал, ақшалай айтатын болсақ, 5,9 млрд. долл. жетті. Айта кетерлік жайт, қазіргі таңда өңдеу өнеркәсіптерінің жоғары қосымша құн қосылған тауарлары өсім беруде. Олардың отандық экспорттағы үлесі 55% көрсеттіп отыр", - деді Р. Сұлтанов.

Сонымен қатар, ол, кондитерлік өнімдердің экспорты 4 жылдың ішінде 9 есе артып, 35 млн. долл. астам қаражатты құраса, макарон өнімдері - 60%, күріш - 5 есе көбейгенін тілге тиек етті.

"Сондай-ақ, сусындар, автомобиль техникасы, құбырлар, трансформаторлар, конденсаторлар мен тұтынушылар және кәсіпорындар үшін қажетті өзгеде тауарлардың экспорты артты. Ал, бүгіннің өзінде шекарадағы кедендік бақылауды алып тастау бизнес үшін әкімшілік салмақты алып тастады", - деп Р. Сұлтанов ағынан жарылды.

Сонымен қатар, ол, аталмыш келісімге қол қойылғаны Қазақстанға және Қазақстаннан еңбек миграциясының азын аулақ артқаны байқалуда, деп хабарлады.

"Көп сөздің тобықтай түйіні интеграция мақсат емес, ол мақсатқа жету құралы ғана", - деп Р. Сұлтанов өз ойын түйді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны