12.01.2016, 11:45 4070

Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасына қатысуға 50 астам өтінім берілді

Бүгінгі таӊда Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасына қатысуға 50 астам өтінім келіп түсті, 15 қатысушы бағалаудан өтті.

Астана. 12 қаӊтар. Kazakhstan Today - Бүгінгі таӊда Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасына қатысуға 50 астам өтінім келіп түсті, 15 қатысушы бағалаудан өтті. Қонақ үйлер мен қоғамдық тамақтану объектілерінен басқа, сұлулық салондары, SPA-орталықтар, химиялық тазарту, кір жуу секілді қызмет көрсету саласындағы кәсіпорындар да бағдарламаға қатысуға ниет білдірді. "Иріптес" статусын беру үшін арнайы бағалау комиссиясы жұмыс істейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Еске салайық, өткен жылы күзде Астанада Recommended by EXPO-2017 әріптестік бағдарламасы жүзеге асырыла бастады. Бағдарламаныӊ мақсаты ЕХРО-2017 халықаралық көрмесінде қонақтарды қарсы алу үшін көрсетілетін туристік қызметтер сапасын арттыру, сондай-ақ, елорданы тартымды туристік орталық ретінде одан әрі дамыту үшін осы саладағы жағдайды жақсарту болып табылады. Бағдарламаныӊ ұйымдастырушылары - Астана қаласыныӊ әкімдігі мен "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ.

Аталған жоба аясында объекті ұсынатын қызметтердіӊ деӊгейі мен сапасы бойынша қатысушылар біліктілігі жүйесі әзірленді. Қатысушы әріптестіктіӊ төрт категориясына үміттене алады: "Қала әріптесі", "Қола әріптес", "Күміс әріптес" және "Алтын әріптес". Егер қазіргі кезеӊде белгілі бір объекті "қола әріптес" біліктілігіне сай болса, ол өз бизнесін жақсартып, жетілдіріп, одан жоғары статусқа үміттене алады.

Бағдарлама талаптары түзетуге көп қаржы жұмсалмайтын туристерге ұсынылатын қызметтер сапасына қатысты.

Бағдарлама талаптарымен www.astana.gov.kz сайтында Ақпараттар бюросы бөлімінде танысуға болады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны