30.03.2007, 18:45 3190

Републикалық деңгейде апорт бақтарын қалпына келтіру бағдарламасы жоқ, облыстық деңгейде орындалмайды

АЛМАТЫ. 30-наурыз. Kazakhstan Today. Републикалық деңгейде апорт бақтарын қалпына келтіру бағдарламасы жоқ, облыстық деңгейде орындалмайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Апорт бақтарын қалпына келтіру жөніндегі республикалық деңгейде бекітілген бағдарламалар жоқ",-деп хабарлады агенттік тілшісіне ауыл шаруашылық вице-министрі Ақылбек Күрішбаев.

Бұрындары агенттікке Алматы облысының әкімшілігінен, апорт бақтарын қалпына келтіру жөніндегі 2000-2005 жылдарға арналған аймақтық бағдарлама алма сұрпының "биологиялық ерекшеліктеріне" байланысты орындалмағандығын хабарлаған. Алматы облысында алты ай ішінде 630 гектар жаңа апорт бағын отырғызу жспарланған болатын, іс жүзінде 537 гектар отырғызылған. Өткен жылдың аяғында облыстық әкімшіліктен, бағбаншылықты дамытуға бағытталған жаңа бағдарлама әзірленіп жатқандығын хабарланған болатын, бірақ қазір жобаның қай сатыда екендігін білу мүмкін болмады.

Жарты жыл бұрын елбасы Нұрсұлтан Назарбаев алматы апортын экспортқа шығару туралы айтып, кәсіпкерлерді осыған шақырған болатын. Бірақ бұл мәселенің басы осы күнге дейін ашық күйінде қалып отыр.

Мамандардың пікірінше, апортты қайта жандандыру үшін кейбір факторларды ескеру қажет, атап айтқанда бірінші кезекте бірегей сұрыпқа арнайы экологиялық жағдай қажет. Ғалымдар, бұл сұрып үшін Алматы облысының Талғар, Қарасай және Еңбекшіқазақ аудандарында орналасқан тау баурайындағы учаскелер қолайлы, деп санайды. Алматы маңайында, ғалымдардың пікірінше, апорттың жоғары сапалы өнімін өсіру үшін Түрген ауылынан шығысқа қарай Шамалған ауылының батысына дейінгі суармалы тау бөктері мен тау етегінің 2 - 5 шықырымындағы жолаққа топтастыру қажет.

Бірақ соңғы жылдары осы жерлердегі алма бақтарының орнына жеке зәулім үйлер тұрғызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны