08.12.2010, 14:11 4748

Ресей, Беларусь және Қазақстан ДСҰ-на жеке-жеке қосылады

Ресей, Беларусь және Қазақстан ДСҰ-на жеке-жеке қосылады

Алматы. 8 - желтоқсан. Kazakhstan Today - Кеден одағының мүшелері: Ресей, Беларусь және Қазақстан ДСҰ-на жеке-жеке қосылады. Бұл туралы "Ресей-Еуроодақ" саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихаты барысында Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведев журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" агенттігіне сілтеме жасай отырып.

"Біз Кеден одағына мүше бола отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымына жеке қосылатын боламыз. Бұл екі мәселе бір-біріне қайшы келмейді. Бұл қалыпты жағдай екенін бәрі түсінетін уақыт жетті. Одақтар көп болуы мүмкін, бірақ ДСҰ жалғыз", - деді Д.Медведев.

Өз кезегінде Еурокомиссия төрағасы Жозе Мануэль Баррозу Реей Кеден одағына мүше бола отырып, Дүниежүзілік сауда ұйымына қосыла алады деп атап өтті. "Біз Кеден одағының басқа да мүшелері (Қазақстан мен Беларус) ерте ме, кеш пе ДСҰ-ға қосылады деп үміттенеміз. Олардың барлығы бір уақытта қосылуы міндетті емес. Біз келесі жылы Ресейді ДСҰ-ның мүшесі ретінде көреміз деп үміттенеміз", - деді Еурокомиссия төрағасы.

Естеріңізге сала кетсек, Ресей Еуроодақпен ДСҰ-ға қосылу бойынша келіссөздер жүргізуді аяқтаған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны