28.04.2011, 17:22 4855

Ресей бензин экспортын тоқтатады

Ресей бензин экспортын тоқтатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алматы. 28 - сәуір. Kazakhstan Today - Ресей бензин экспортын тоқтатады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz. ақпаратық агенттігінің хабарлауынша, ішкі нарықтағы жағдайды тұрақтындыру үшін Ресей мамырдан бастап бензиннің экспортын тоқтатады. Бұл туралы бүгін селекторлық мәжілісте ҚР Энергетика министрінің орынбасары Сергей Кудряшов мәлім етті, деп жазады РБК.

Сонымен қатарЭнергетика министрлігі әзірге нарықтағы мұнай өнімдерін реттеудің қажеттілігін көрмей отыр. "Бізде жағдайға әсер етудің басқа да тетіктері жетерлік", - деп атап көрсетті С.Кудряшов.

Ведомстваның мәліметтері бойынша, бензинге бағаның өсуі қысқа мерзімді шаралар, ол әрі кеткенде 5%-дан аспайды. Министрдің орынбасарының айтуынша, кейбір аймақтарда күрделі күйінде қалап отыр. Бензиннің жетіспеуі байқалады, осыған байланысты баға да көтерілуі мүмкін. Алайда, Энергетика министрлігі мұнай компанияларымен келісімшартқа қол жеткізіп, ішкі нарықтағы бензиннің жеткізілу мөлшерін арттыруға, басқа да жағдайды тұрақтандыратын мүмкіндіктерді қарастыруда.

Жанар май дағдарысы Ресейде осыдан бірапта бұрын басталды. Ресейдің көптеген аймақтарында жанар май жетіспеушілігі айқын сезіліп отыр. Сондықтан бензиннің жіберілуіне қазір елде қатаң бақылау орнатылды.

Фото: /svpressa.ru.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны