22.07.2008, 18:20 2955

Ресей БҰҰ-ына әлемдік азық-түлік дағдарысын шешуге өз бастамаларын ұсынды

Ресей БҰҰ-ына әлемдік азық-түлік дағдарысын шешуге өз бастамаларын ұсынды

Алматы. 22 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Халықаралық қоғамдастық ғаламдық азық-түлік дағдарысына жауап қату үшін гуманитарлық және ұзақ мерзімді деген екі жолмен жүруге тиіс. Бұл туралы РФ -ның БҰҰ жанындағы тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Игорь Щербак БҰҰ Бас ассамблеясының әлемдік азық-түлік және энергетикалық дағдарыс мәселесіне арналған жалпы отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Ресейдің бастамасы бойынша ұзақ мерзімді шешім қабылдау үшін, И. Щербактың айтуынша, екі кездесу өткізу межеленді. Біріншісі - "Үлкен сегіздіктің" ауылшаруашылығы министрлерінің кездесуін, екіншісі - келесі жылы Мәскеуде астықты державалардың қатысуымен Бүкіләлемдік астық саммитін өткізу.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны