23.01.2009, 15:21 1822

Ресей, Қазақстан мен Беларусь арасындағы біртұтас кедендік тариф 2009 жылдың 1 сәуіріне дейін жасалады - индустрия және сауда министрі

Ресей, Қазақстан мен Беларусь арасындағы біртұтас кедендік тариф 2009 жылдың 1 сәуіріне дейін жасалады - индустрия және сауда министрі

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ресей, Қазақстан мен Беларусь арасындағы біртұтас кедендік тариф 2009 жылдың 1 сәуіріне дейін жасалады. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін мекемеде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"ТМД елдерінің әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында өндіріс пен экспортқа арнаулы субсидиялар бөлуі отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігіне кері әсерін тигізуде", - деді В. Школьник.

Осыған байланысты, оның айтуынша, еліміздің индустрия және сауда министрлігі отандық өндірісті қолдау жөнінде бірқатар шаралар қолдануды жоспарлауда. Атап айтсақ, "Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелікке өтуіне қатысты екіжақты және көпжақты келіссөздер", "Қазақстан заңнамасын ДСҰ-ның негізгі келісімдерінің ережелерімен толық сәйкестендіруге бағытталған шаралар", сондай-ақ, "Кедендік одақты құру жұмыстарын одан әрі жалғастыру".

Кедендік одақты құру жайына келсек, министрдің айтуынша, серіктес елдер біртұтас тариф жасау бағытында жұмыс істеп жатыр.

"Ресей, Қазақстан мен Беларусь арасындағы біртұтас кедендік тарифті 2009 жылдың 1 сәуіріне дейін жасау қажет. Бұл ретте Қазақстанның ұлттық мүддесі сақталады", - деді В. Школьник.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны