12.06.2008, 13:49 1722

Ресей ВИЧ індетіне қарсы вакцина жасау мақсатындағы зерттеулерге 50 млн доллар бөлуге дайын

Ресей ВИЧ індетіне қарсы вакцина жасау мақсатындағы зерттеулерге 50 млн доллар бөлуге дайын

Алматы. 12 маусым. "Қазақстан Бүгін" - БҰҰ Бас ассамблеясының ВИЧ/СПИД жөніндегі отырысында сөз сөйлеген Ресейдің бас санитарлық дәрігері Геннадий Онищенконың хабарлауынша, оның елі пандемиямен күреске баса назар аударуда және өңірде эпидемияға қарсы тұруда көшбасшылық рольді өзіне жүктеп алуға дайын. Ол ВИЧ індетіне қарсы вакцина жасау мақсатындағы зерттеулерге 50 млн доллар бөлмек ниетте екенін атап өтті, деп хабарлайды агенттік тілшісі БҰҰ жаңалықтар орталығына сілтеме жасап.

Г. Онищенконың хабарлауынша, 2007-2008 жылдарға арналған федералдық бюджеттен ВИЧ індетінің диагностикасы мен емдеуіне және оның алдын алу шараларына $450 млн бөлінген.

Ресей делегациясының басшысы өз елінде жыл сайын ВИЧ індетін анықтау мақсатында 23 млн астам зерттерулр өткізіледі. Қазір Ресейде антиретровирусты емдеуден 35 мыңнан астам науқас өтуде. ВИЧ індетін жұқтырған жүкті әйелдердің 90% астамы химиялық профилактикадан өтті.

Ресей өкілі өз елінде СПИД-тің алдын алу мақсатында 300 астам жоба жүзеге асырылып жатқанына назар аударды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны