25.07.2008, 16:16 2792

Ресейде 1 тамыздан бастап мұнайдың экспорттық баж салығы бір тоннасына $495,9 деңгейінде белгіленеді

Ресейде 1 тамыздан бастап мұнайдың экспорттық баж салығы бір тоннасына $495,9 деңгейінде белгіленеді

Алматы. 25 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Ресейде 2008 жылдың 1 тамызынан бастап мұнайдың экспорттық баж салығы бір тоннасына $495,9 деңгейінде белгіленеді.

Бұл туралы РФ Қаржы министрлігінің кедендік төлемдер бөлімі бастығының орынбасары Александр Сакович мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі "РосБизнесКонсалтинг" (РБК) агенттігіне сілтеме жасап.

"Мамыр-маусым айларындағы мониторинг бойынша орташа баға бір барреліне $123,36375 болды, ал сол кездегі баж салығының шектеулі шамасы тоннасына $495,936 болған. Сөйтіп, 1 тамыздан бастап мұнайдың экспорттық баж салығы бір тоннасына $495,9 деңгейінде белгіленеді ", - деді ол.

Ал ашық түсті мұнай өнімдерінің баж салығы бір тоннасына $346,4 , қара түсті мұнайға - тоннасына $186,6.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны