05.05.2008, 14:26 1235

Ресейде бір тонна мұнай экспортының баж салығы 1 маусым айынан бастап $398,1 құрайды - РФ қаржы министрлігі

Ресейде бір тонна мұнай экспортының баж салығы 1 маусым айынан бастап $398,1 құрайды - РФ қаржы министрлігі

Мәскеу. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Ресейде мұнай экспортының баж салығы 2008 жылдың 1 маусым айынан бастап 57 долларғы көтеріліп, бір тоннасы $398,1 құрайтын болады. Бұл туралы Ресей Федерациясының Қаржы министрлігінің кедендік төлемдер бөлімі бастығының орынбасары Александр Сакович құлағдар етті, деп хабарлайды агенттік РФ Қаржы министрлігіне сілтеме жасай отырып.

А. Саковичтің айтуынша, наурыз -сәуір айлары кезеңіндегі мониторингі бойынша ресей мұнайы баррелінің орташа құны еуропалық нарықта $102,75558 деңгейінде болған. Осыған орай мұнайдың бір тонна баж салығының жоғары көрсеткіші $398,15022 құрайды.

Қаржы министрілігі өкілдерінің айтуынша, бір тонна ашық түсті мұнай өнімдерінің экспорттық баж салының көлемі $280,5 деңгейінде белгіленсе, қара түстілердің тоннасы $151,1 құрайтын болады.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, 2008 жылдың 1 сәуірінен бастап Ресейде бір тонна мұнайдың экспорттық баж салығы $340,1 мөлшеріне өзгертілген. Мұнай өнімдерінің ақшыл түрінің бір тоннасының экспорттық кедендік салығы $241,4 мөлшерінде бекітілсе, қара мұнай өнімдері түрлерінің бір тоннасына $130,1 көлемінде салық алынып отырды.

Укімет РФ мұнай және мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығын әлемдік нарықтағы ресейдің Urals маркалы мұнай бағасының екі айлық мониторингі негізіне сүйене отырып оны екі айда бір рет қайта қарастырып отырады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны