05.01.2009, 13:36 2834

Ресейде мұнайдың экспорттық кедендік баж салығы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір тоннасы үшін 119,1 доллар болып белгіленді

Ресейде мұнайдың экспорттық кедендік баж салығы 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір тоннасы үшін 119,1 доллар болып белгіленді

Алматы. 5 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Ресейде мұнайдың экспорттық кедендік баж салығын 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап бір тоннасы үшін 119,1 доллар деңгейінде белгілеуге шешім қабылданды. РФ премьер-министрі Владимир Путин "Шикі мұнай мен мұнайдан жасалған жекелеген санаттағы тауарларды Ресей Федерациясы аумағынан кедендік одақ жөніндегі келісімге қол қойған елдерге шығаруға кедендік баж салығын бекіту туралы" 2008 жылдың 25 желтоқсанындағы №1023 қаулысына қол қойды, деп хабарлайды агенттік тілшісі РФ үкіметінің сайтына сілтеме жасап.

Осы қаулыға сәйкес, ашық түсті мұнай өнімдерінің экспорттық кедендік баж салығы бір тоннасына $92,6, ал қаралтым мұнай өнімдерінікі - $49,9 құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны