31.08.2006, 15:46 7168

Ресейдегі Қазақстан елшісі "ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесі" қауымдастығы мен Ресейдің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының басшылығымен кездесті

МИСКЕУ. 31-тамыз. Kazakhstan Today. Мәскеуде Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Жансейіт Түймебаев "ЕурАзЭҚ іскерлік кеңесі" қауымдастығының үйлестіру кеңесінің төрағасы Олег Сосковецпен және Ресейдің өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлері одағының президенті Александр Шохинмен кездесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне елшіліктің баспасөз қызметінен хабарлады.

Кездесуде Қазақстан мен Ресей арасындағы қарым-қатынастың өзекті мәселелері талқыланды. Елші Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық даму барысы туралы әңгімелеп, жуырда Сочиде өткен ЕурАзЭҚ саммиті аясындағы басты оқиғалардан хабардар етті.

Кездесуге қатысушылар Қазақстан мен Рессейдің іскерлік өкілдерінің форумына қолдау көрсетуге келісті. Шара осы жылдың желтоқсан айының басында өтеді деп межеленген.

Тараптар екі жақты байланыстарды одан әрі дамытуға сенім білдірді. Қонақтар елшіні мемлекеттік мереке - ҚР Конституциясы күнімен құттықтады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны