27.11.2012, 18:21 3648

Ресейліктерді Қазақстанның ресурстары қызықтырып отыр

Ресейлік эмитенттер акцияларды бірінші орналастыру арқылы қаржы тартпай, өз бинзесінің жүргізілуіне баға алуды жоспарлап отыр. Бұл компанияны жаңа белестерге шығаруға әсер ететін таптырмас тәжіребие.

Астана. 27-қараша. Kazakhstan Today - Ресейліктерді Қазақстанның ресурстары қызықтырып отыр, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Ресейлік эмитенттер акцияларды бірінші орналастыру арқылы қаржы тартпай, өз бинзесінің жүргізілуіне баға алуды жоспарлап отыр. Бұл компанияны жаңа белестерге шығаруға әсер ететін таптырмас тәжіребие.

"Ресейлік қор биржасының өкілдеріне Қазақстандық ресурстар қызық", деп хабарлады Kapital.kz Еуразиялық даму банкі жүргізген зерттеу жұмыстарына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық қаржы ұйымдарына Ресей нарығы қаржы тарту алаңы ретінде қызық болып отыр. Есесіне, Ресейлік бизнес біздің алаңды тәжіребие жинау нарығы ретінде қарастырып отыр. Олардың ойынша, Қазақстан шикізат кен орындарына шығуға жақсы мүмкіндік.

Елімізде жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде қазақстандық компаниялардың басым бөлігі көрші ел нарығына шығуға мүдделі екендігі белгілі болды. Бірақ Ресейлік компаниялар әзір бізге келуге асығып отырған жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны