30.10.2009, 15:51 3290

Ресеймен ынтымақтастық дағдарыс жағдайында Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етеді - үкімет

Илемдік қаржылық дағдарыс жағдайында шетелдік серіктестермен, бірінші кезекте Ресеймен ынтымақтастық Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ететін фактор бола алады.

Астана. 30 қазан. Kazakhstan Today - Ресеймен ынтымақтастық дағдарыс жағдайында Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз етеді. Бұл туралы кеше ҚР үкімет басшысының орынбасары Ербол Орынбаевтың басқаруымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің Экономикалық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі мекемеаралық комиссиясының мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мәжілісте шетелдік серіктестермен экономикалық ынтымақтастыққа және жұмыспен қамтуға қатысты мәселелер қаралды. Онда Экономика және бюджетті жоспарлау, ҚР энергетика және минералды ресурстар, индустрия және сауда, сыртқы істер, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице- министрлері баяндама жасады.

Талқылау барысында әлемдік қаржылық дағдарыс жағдайында шетелдік серіктестермен, бірінші кезекте Ресеймен ынтымақтастық Қазақстанның тұрақты экономикалық өсімін қамтамасыз ететін фактор бола алатындығы атап көрсетілді.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сондай-ақ, мәжіліске қатысушылар "Жол картасы" аясындағы жұмыстарды 2010 жылы да одан әрі жалғастырудың маңызын атап өтті. "Бұл шара жаңа жұмыс орындарын құру және жұмысшылардың кәсіби біліктілігін көтеруге бағытталып мемлекет тарапынан қолданылып жатқан басқа да шаралармен қатар жұмыспен қамту саласындағы мақсаттарды шешуге септігін тигізеді", - делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны