24.07.2026, 13:01 100241

Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді

Ресейдегі қоймаларға жасалған шабуылдардан кейін Қазақстандық Wildberries селлерлері үлкен шығынға ұшырағандарын мәлімдеді
Қазақстандық Wildberries маркетплейсінде жұмыс істейтін кәсіпкерлер Ресейдегі компания қоймаларына жасалған шабуылдардан кейін 1,5 млрд теңгеден астам шығынға ұшырағанын мәлімдеді, деп хабарлайды informburo.kz Қазақстан селлерлері қауымдастығының төрағасы Хамит Қашиковқа сілтеме жасай отырып.

Қазақстан селлерлері қауымдастығының алдын ала бағалауынша, ұйымға мүше 250 кәсіпкердің 150-ден астамы тікелей зардап шеккен. Әр кәсіпкердің шығыны 300 мың теңгеден 200 млн теңгеге дейін жетеді.

Қауымдастық төрағасының айтуынша, Wildberries басшылығы келтірілген шығын көлемін бағалап жатыр.

Шабуылдар салдарынан жойылған тауарлар үшін өтемақы төлеу мәселесі ECOMMERCE-KZ қауымдастығы мен "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері тарапынан талқылауда.

Естеріңізге сала кетсек, 18-22 шілде аралығында Wildberries компаниясының төрт нысанына - Котовск пен Электросталь қалаларындағы тарату орталықтарына, сондай-ақ Краснодар мен Невинномысск қалаларындағы қоймаларға шабуыл жасалды деп хабарлаған болатын РБК.

Тағы бір шабуыл түнде Санкт-Петербург пен Ленинград облысындағы Шушары және Уткина Заводь елді мекендеріндегі, сондай-ақ Симферопольдегі Wildberries логистикалық кешендеріне жасалған. Wildberries компаниясының бас директоры Татьяна Ким тауарлардың және қойма алаңдарының бір бөлігін сақтап қалуға мүмкіндік болғанын мәлімдеді.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны