04.07.2006, 12:45 2527

Ресми қайта қаржыландыру ставкасының көтерілуіне байланысты банкаралық ақша нарығындағы және банк кредиттері бойынша ставкалар көтерілмек - Ұлттық банк

АЛМАТЫ. 4-шілде. Kazakhstan Today. Ресми қайта қаржыландыру ставкасының көтерілуіне байланысты банкаралық ақша нарығындағы және банктердің кредиттері бойынша ставкалар көтерілуге тиіс. Бұл өз кезегінде кредиттік белсенділіктің және ақша агрегаттарының өсу қарқынының бәсеңдеуіне және қорытындысында инфляция деңгейінің төмендеуіне алып келуге тиіс, деп хабарлайды республика Ұлттық банкі.

Инфляция деңгейінің көтерілуін ескере отырып және «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ресми қайта қаржыландыру ставкасын жылдық 9,0% деңгейінде белгілеу туралы қаулы қабылдады. Бұл ресми қайта қаржыландыру ставкасының соңғы бір жарым жылдағы төртінші көтерілуі. Ресми қайта қаржыландыру ставкасының алдыңғы мәні жылдық 8,5% құрады.
Ағымдағы жылдың басынан бері жылдық инфляция 7,5%-дан (2005 жылғы желтоқсан) 9,0%-ға дейін (2006 жылғы мамыр) көтерілді, бұл 2001 жылғы маусым айынан бергі оның ең жоғары мәні болып табылады. Ресми қайта қаржыландыру ставкасының көтерілуі ақша-кредит саясатын қатаңдату жөніндегі кезекті қадам болып табылады.

Сондай-ақ, Ұлттық банк инфляциялық қысымның күшеюін назарға ала отырып, 2006 жылғы 3 шілдеден бастап екінші деңгейдегі банктерден тартылатын депозиттер бойынша ставкаларды жылдық 3,75% - 4,00%-ға дейін көтерді.

Бұған қоса Қазақстан Республикасының әділет министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Ең төменгі резервтік талаптар туралы ережені бекіту жөнінде» 2006 жылғы 27 мамырдағы № 38 қаулысын тіркеп, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне 2006 жылғы 28 маусымда № 4268 енгізді.

Көрсетілген қаулы Қазақстан Республикасының Иділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін, яғни 2006 жылғы 12 шілдеде қолданысқа енгізіледі. Банктердің жаңа Ереже бойынша ең төменгі резервтік талаптарды айқындауының бірінші кезеңі осы қаулы қолданысқа енгізілген аптадан кейінгі аптаның бірінші сейсенбісінен, яғни 2006 жылғы 18 шілдеден басталады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны