20.05.2010, 17:19 3854

Республика бойынша жалпы 2627 балық қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды

Республика бойынша жалпы 2627 балық қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды

Астана. 20 мамыр. Kazakhstan Today - Бүгінгі күні Республика бойынша жалпы 2627 балық қорғау заңнамасын бұзушылық анықталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Ауылшаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, жыл сайын республиканың балық шаруашылығы су айдындарында уылдырық шашу кезінде браконьерлікке, бекіре тұқымдас және басқа балық өнімін контробандалық шығаруды тоқтатуға бағытталған "Бекіре-2010" және "Уылдырық шашу-2010" кең ауқымды балық қорғау акциясы жүргізіледі.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті табиғат қорғау және құқық қорғау органдарының аумақтық бөлімшелерімен, атап айтқанда, Қазақстан Республикасының Ішкі істер, Қоршаған ортаны қорғау, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктерімен, сондай-ақ ҚР ҰҚК Шекара қызметімен, ҚР Бас прокуратурасымен және Қаржы полициясымен бірлесіп, жоғарыда аталған акцияға қатысушы органдар аумақтық бөлімшелерінің әрекетін үйлестіру бойынша шаралар кешенін әзірледі, сондай-ақ табиғат қорғау заңнамасының бұзушылықтарымен күресу және өсімдік пен жануарлар дүниесінің биологиялық алуан түрлілігін сақтау бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын бекітті.

Жоғарыда аталған жоспарға сәйкес комитеттің аумақтық бөлімшелері ықтимал браконьерлік жерлерде бірлескен әрекет жоспарын, күштер және техникалық құралдар орналасқан картаны бекітті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны