08.08.2006, 17:15 3057

Республика үкімет басшысы 2007-жылға арналған Астана қалалық бюджетін 74 млрд. теңге көлемінде бекітті

АСТАНА. 8-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін республика үкімет басшысы Даниал Ахметовтың төрағалығымен өткен кеңесте Астананы дамытудың 2007-жылға арналған бюджетінің жобасы талқыланды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңесте басымдық берілген білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет және спорт нысандарының тізімі таныстырылып, автокөлік жолдары мен қаладағы көлік тораптарын салу мәселелері қаралды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, алдағы жылы Қаратал және Жангелдин көшелерінде, Промышленный ауылы мен Есілдің сол жақ жағалауында бес мектеп салу межеленген. Сонымен бірге 2007-жылы 800 орынға есептелген құрылыс бағытындағы кәсіптік мектеп пен Московская және Сейфуллин және Омаров көшелерінің қиылысында екі мектеп салына бастайды.

Сонымен бірге жобада 150 орынды перзентхана мен М3 маркалы тағы бір көпір салуға, "Рамстор" маңындағы ескісін жаңалауға, бұдан басқа да бірқатар нысандарға қаржы бөлу қарастырылған.

Тұтастай алғанда үкімет басшысы Астана бюджетінің жобасын 74 млрд. теңге көлемінде мақұлдады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны