01.08.2008, 17:48 3199

Республика үкімет басшысы арнаулы экономикалық аймақтарды салып бітіруге және жаңа бастамаларды қоя тұруға шақырды

Республика үкімет басшысы арнаулы экономикалық аймақтарды салып бітіруге және жаңа бастамаларды қоя тұруға шақырды

Алматы. 1 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Республика үкімет басшысы арнаулы экономикалық аймақтарды салып бітіруге және жаңа бастамаларды қоя тұруға шақырды. Бұл туралы үкімет басшысы бүгін "Ақпараттық технологиялар саябағы" АЭА -ына жұмыс сапары барысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Жалпы алғанда, елімізде ашу жоспарланған барлық АЭА мен технологиялық даму аймақтары бойынша осы кезеңде жаңа бастамалардан абс тартып, сәл дамылдаған жөн", - деді Кәрім Мәсімов.

"Алдымен өзіміз белгілеп алған аймақтарды, Қорғастағы, Астанадағы, Алматыдағы және Маңғыстаудағы аймақтарды салып бітіріп алайық. Жаңа бастамаларды шектей тұруға келісейік. Жаңа үш жылдық бюджеттік жоспарда осының бәрін қамтып, аяғына дейін салып бітіріп алайық", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны