15.08.2006, 15:01 3114

Республика үкімет басшысы экономиканың қызыну мәселесін шешу үшін жұмыс тобын құру қажет деп мәлімдеді

АСТАНА. 15-тамыз. Kazakhstan Today. Бүгін өткен үкіметтің отырысында республика үкімет басшысы Даниал Ахметов экономиканың қызыну мәселесін шешу үшін жұмыс тобын құру қажет деп мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Қазір елімізде экономиканың қызыну белгілері мен инфляцияның арта түсу ағымы айқын байқалып отыр",- деді Д.Ахметов. Үкімет басшысының мәлімдеуінше, осыған байланысты "Қазақстан экономикасының қызынуына әсер етуі мүмкін себептер мен индикаторларға талдау жасайтын жұмыс тобын құру қажет".

"Жұмыс тобы экономиканың қызыну құбылысын еңсеру шараларының кешенін анықтауға тиіс. Бұл топ ай сайын үкіметтің отырысында есеп беру арқылы жүйелі жұмысты жолға қоюға тиіс",- деді Д.Ахметов.

Осыған байланысты ол экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне жұмыс тобының құрамын бір аптада айқындауға тапсырма берді.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны