24.05.2007, 17:36 2967

Республика үкіметі 2007-2009-жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының болжамын түзетті

АЛМАТЫ. 24 -мамыр. Kazakhstan Today. Республика үкіметі 2007-2009-жылдарға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының болжамын түзетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

Үкіметтің жаңа болжамы бойынша, атап айтсақ, 2007-жылғы мемлекеттік бюджет шығындары Жалпы ішкі өнімнің 24,2%, 2008-жылы - 19,8% және 2009-жылы - 19% құрайды. Соның ішінде жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтердің шығыны Жалпы ішкі өнімнің 1,4% (100%-тен 5,8%), келесі жылы 1,1% (5,8%), 2009-жылы - 11% (5,8%) болмақ. 2007-жылы қорғаныс саласына жұмсалатын шығындар Жалпы ішкі өнімнің 1,4% (5,8%), 2008 және 2009-жылдары тиісінше 1,1%-тен (5,8%) құрайды. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, сондай-ақ, құқықтық, сот және қылмыстық-атқару іс-қызметіне жұмсалатын шығындар 2007-жылы - 1,9% (8%), 2008- жылы - 1,6% (8%), 2009-жылы - 1,5% (8%) болмақ.

Үкіметтің болжамынша, 2007-жылы білім беру саласына жұмсалатын қаржы көлемі 3,8% (15,7%), 2008-жылы - 3,1% (15,7%), 2009-жылы - 3,1% (16,3%), денсаулық сақтау саласындағы шығындар тиісінше 2,5% (10,5%), 2,1% (10,5%) және 2,1% (11%) болмақ. Илеуметтік көмек пен әлеуметтік қамсыздандыру шығындары ағымдағы жылы 4,2% (17,5%), 2008-жылы - 3,5% (17,5%), 2009-жылы - 3,5% (18,4%), тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық шығындары тиісінше 1,5% (6,2%), 1,2% (6,2%) және 1,2% (6,2%) тең.

Үкіметтің мәліметіне сәйкес, биылғы жылы мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістікке жұмсалатын шығын 1% (4%), 2008-жылы - 0,8% (4%) және 2009-жылы - 0,7% (3,7%), отын-энергетикалық кешен мен жер қойнауын пайдалануға жұмсалатын қаржы көлемі тиісінше 0,7% (2,9%), 0,6% (2,9%) және 0,5% (2,6%) болмақ. Сонымен қатар ауылшаруашылығы, су, орман, балық шаруашылығы, айрықша қорғаудағы табиғи аумақтарға, қоршаған орта мен жәндіктер әлемін қорғауға, жер қатынастарына жұмсалатын шығындар 2007-жылы 1,1% (4,5%), 2008-жылы - 0,9% (4,5%), 2009-жылы - 0,8% (4,2%) болмақ.

Ағымдағы жылы өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс іс-қызметіне жұмсалтын шығындар 0,1% (0,3%), 2008-жылы - 0,1% (0,3%), 2009-жылы - 0,1% (0,3%) болмақ. Көлік және коммуникациялар шығыны биыл 2,3% (9,6%), 2008-жылы - 1,9% (9,6%), 2009-жылы - 1,6% (8,5%) болмақ. Ал өзге шығындар 2007 -жылы - 1,9% (7,9%), 2008-жылы - 1,6% (7,9%), 2009-жылы - 1,5% (7,9%) болмақ. Ағымдағы жылы қарыздарды қайтаруға болжамға сәйкес, 0,3% (1,4%), 2008 және 2009-жылдары тиісінше 0,3% -тен (1,4%) қаржы жұмсалады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны