01.06.2006, 15:04 2784

Республика үкіметі Каспий қайраңында мұнай өндіру және кеніштерді игеруге 2006-жылы тендер өткізбейді

АЛМАТЫ. 1-маусым. Kazakhstan Today. Республика үкіметі Каспий қайраңында мұнай өндіру және кеніштерді игеруге 2006-жылы тендер өткізбейді. Бұл туралы ҚР энергетика және минералды ресурстар министрінің орынбасары Ләззат Қиынов бүгін өткен қысқаша баспасөз мәслихаты барысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Каспий теңізінің Қазақстанға қарасы бөлігін игеру жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға сәйкес қайраң үш кезеңмен игеріледі. Атап айтсақ, бірінші кезеңде (2003 - 2005 жылдар) кешенді игеруге жағдай жасалса, екінші кезеңде (2006-2010-жылдар) қайраң қарқынды игеріледі; ал үшінші кезеңде (2011 - 2015 жылдары) – мұнай өндіру көлемі тұрақтанады.

”Қазір біз екінші кезеңге аяқ бастық. Бұған дейін барлауға берілген блоктарда бәрі айқындала қойған жоқ. Ондағы жұмыстар аяқталмай отыр. Биыл Аташ, Құрманғазы сынды бірнеше кеніште жұмыстар жүргізіліп жатыр. Осыған байланысты биыл тендерлер өткізілмейді”,- деді Л.Қиынов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны