10.05.2006, 11:20 3069

Республика үкіметі Каспий теңізі арқылы газ құбырын тарту мүмкіндіктерін қарастыруда

АСТАНА. 10-мамыр. Kazakhstan Today. Республика үкіметі Каспий теңізі арқылы газ құбырын тарту мүмкіндіктерін қарастыруда. Бұл туралы үкімет басшысы Даниал Ахметов бүгін өткен мәжілістің жалпы отырысында мәлімдеді,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

“Біз Иран, Түркия және Изербайжанмен келіссөздер жүргіздік. Каспий арқылы өтетін газ құбырын сала бастайтын шығармыз”,- деді Д.Ахметов.
“Үкімет бұл мәселені мұқият зерттейді. Егер экономикамыз көтере алатын болса, келіссөздер жеделдетіледі”,- деді ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны