03.07.2006, 09:37 2606

Республика Ұлттық банкі 1-шілдеден бастап қайта қаржыландыру ставкасын 9 процентке дейін көтерді

АЛМАТЫ. 3-шілде. Kazakhstan Today. Республика Ұлттық банкі 1-шілдеден бастап қайта қаржыландыру ставкасын 9 процентке дейін көтерді. Ұлттық банк басқармаларының жиналысында осындай шешім қабылданды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Банк өкілдері бұл жайтты инфляция деңгейінің өсуімен байланыстыра түсіндіреді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 2006-жылдың 1-сәуірінен бастап еліміздің орталық банкі қайта қаржыландыру ставкасын 8 проценттен 8,5 процентке дейін көтерген болатын.

Баспасөз қызметінің түсініктемесіне сәйкес, қайта қаржыландыру ставкасын көтеру туралы шешім инфляция деңгейінің өсуіне және ҚР “Ұлттық банкі туралы” заңға сәйкес қабылданды.

Өткен бес айдың қорытындысы бойынша Қазақстанда жылдық инфляция көрсеткіші 9 процентке жетті.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны