30.07.2007, 16:09 3079

Республикада 26-шілдедегі жағдаймен 55,8 млрд теңгенің мүлігі заңдастырылған - ҚР Қаржы министрлігінің өкілі

АСТАНА. 30 - шілде. Kazakhstan Today. Республикада 26-шілдедегі жағдаймен 55,8 млрд теңгенің мүлігі заңдастырылған. Бұл туралы бүгін үкіметтегі селекторлық кеңес барысында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Салық комитетінің төрағасы Нұрлан Рахметов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"26-шілдедегі жағдаймен салық органдары арқылы 500 мың өтініш бойынша жалпы сомасы 55,8 млрд теңгені құрайтын мүлік заңдастырылған",- деді ол.

"Жалпы республика бойынша заңдастырылған мүлік құны 644 млрд теңгені, немесе 5,3 млрд АҚШ долларын құраған. 367,8 млрд теңге, немесе 3 млрд АҚШ доллары көлемінде ақша заңдастырылған",- деп қосты ол.

Сонымен қатар Нұрлан Рахметов соңғы аптада Алматы қаласы бойынша заңдастырылған ақша сомасы 56,6 млрд теңгені, немесе 464 млн АҚШ долларын құрағандығын атап өтті. Оның мәліметтеріне сүйенсек, заңдастыру үшін жиналған алымдар көлемі 40,8 млрд теңгені құраған.

Сондай-ақ, әділет министрлігінің селекторлық кеңесте айтылған мәліметтеріне сүйенсек, 26-шілдедегі жағдаймен жылжымайтын мүлікті заңдастыруға 1 млн 555 мыңнан астам өтініш келіп түскен. 1 млн 417 мың жылжымайтын нысан заңдастырылған, оның ішінде 1 млн 3 мың тұрғын үй нысандары, 414 мың тұрғын емес нысандар. Заңдастырылған жылжымайтын мүліктер құны 222 млрд 807 млн теңгені құрап отыр. Аумақтық әділет органдарында 799 мың 900 нысан тіркелген.

"Елбасының бастамасы орындалды деп сенімді түрде айта аламын. Менің ақпараттарым бойынша, халықтың 10 пайызға жуығы іс-шараға ат салысты. Бұл оның іс жүзінде жаппай сипатқа ие болғанын көрсетіп отыр",- деп қорытындылады үкімет басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны