17.10.2018, 17:55 4290

Республикада өндірілген жүзімніӊ 72,5 пайызы Түркістан облысыныӊ еншісінде

Жалпы соӊғы 3 жылда Түркістан облысы бойынша жеміс-жидек пен жүзімніӊ егіс көлемі 1,8 мыӊ гектарға артып, егіс көлемі 30 мыӊ гектарға жеткен. Оныӊ ішінде жеміс - 19,5 мыӊ гектар, жүзім - 10,5 мыӊ гектарды құрайды.

Түркістан. 17 қазан. Kazakhstan Today - Түркістан облысы Жетісай ауданына қарасты Абай ауыл округінде жүзімдік алқабы 280 гектарға жетіп отыр. Қазір Абай округінде жүзім жинау науқаны аяқталуға жақын. Өӊірдегі еӊ ірі "Махарам" шаруа қожалығы егіс алқабыныӊ әр гектарынан 25 центнерге дейін өнім алуда. Жүзімніӊ "Тайфы" сортынан жиналған өнімніӊ басым бөлігі Ресейге жөнелтіліп жатыр.

Жалпы аталған қожалықта 42 гектар жерге жүзім егілген. Соныӊ 26 гектары өнім берсе, қалған 16 гектары алдағы екі жылда жемісін бере бастайды.

Қожалық төрағасы Махарам Нифталиевтіӊ айтуынша, 1 гектарға шамамен 2 миллион теӊгеге жуық шығын кетеді екен. 50 жылға жуық өнім беруге қауқарлы жүзім бақтары жалпы кеткен шығынды 5-6 жылда толығымен ақтайтын көрінеді. Қазіргі таӊда ондағы жүзімніӊ бір келесі 120 теӊгеден саудаланып отыр. Жүзімдік алқабында 30 адам жұмыс істейді.

Жалпы соӊғы 3 жылда Түркістан облысы бойынша жеміс-жидек пен жүзімніӊ егіс көлемі 1,8 мыӊ гектарға артып, егіс көлемі 30 мыӊ гектарға жеткен. Оныӊ ішінде жеміс - 19,5 мыӊ гектар, жүзім - 10,5 мыӊ гектарды құрайды. Ағымдағы жылы 85 мыӊ тонна жеміс-жидек және 70 мыӊ тонна жүзім жинау жоспарланып отыр. Айта кетерлігі, республикада өндірілген жүзімніӊ 72,5 пайызы Түркістан облысыныӊ еншісінде.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны