09.09.2016, 11:33 11569

Республикалық бюджет шығыны 99 пайызға орындалды - Қаржы министрлігі

Республикалық бюджет шығыны 99 пайызға орындалды, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Президентініӊ қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында.

Астана. 9 қыркүйек. Kazakhstan Today - Республикалық бюджет шығыны 99 пайызға орындалды, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов ҚР Президентініӊ қатысуымен өтіп жатқан Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында.

"Республикалық бюджет шығыны 99 пайызға орындалды, жергілікті бюджет 96 пайызға орындалды. Мемлекеттік бюджет бойынша көрсеткіштер 97,1 пайызды құрады, ол өткен жылғыға қарағанда 0,4 пайызға төмен. Бұл көрсеткішке күзде жетеміз. Бюджеттіӊ жаӊғыртылған әсері өсуде", - деді Б.Сұлтанов.

Оныӊ айтуынша, 2016 жылы 1 трлн теӊге 700 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға салынды.

"Бюджетті нақтылау кезінде бұл әсерді жаӊа инвестициялармен толықтырамыз. Алдағы жылдары ЖІӨ шығыны біраз төмендейді, ол бюджеттен емес, жеке серіктестіктен жүзеге асырылады. Астанадағы жеӊіл рельсті көлік, Үлкен алматы айналмасы мен өзге көліктік жобалар мемкепілдік механизмі арқылы жүзеге асыру, демек мемлекеттік жеке меншік серіктестік арқылы орындау қарастырылған", - деді ол.

Есептік кезеӊде мемлекеттік бюджеттіӊ кірісі 25 пайызға артық орындалды. Бюджетке 4 трлн теӊге түсті, деді Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов Үкіметтіӊ кеӊейтілген отырысында.

"Есептік кезеӊде мемлекеттік бюджеттіӊ кірісі 25 пайызға артық орындалды, ол 800 млрд теӊгеден артық. Бюджетке 4 трлн теӊге түсті. Бұл өткен жылдыӊ 8 айымен салыстырғанда 1,2 трлн теӊгеге немесе 40 пайызға көп. Бұл дағдарысқа қарсы шаралар аясында экономика алып жатқан қолдаулардыӊ нәтижесі. Бірқатар ұйымдастырушылық және әкімшілік шаралар өткізілді", - деді министр.

Ведомство басшысыныӊ айтуынша, жарты миллион декларация сараптамасынан кейін 85 мыӊ бюджетке өз еркімен жолданып, 11 млрд теӊге үстінен төленді.

"Жалпы, салық-бюджеттік сала екі маӊызды сәтті еске салады. Біріншіден, еӊбек ақысынан салық төдеу 16,5 пайызға өсіп жатыр. Бұл еӊбекпен қамту саласында оӊ нәтиже көрсетіп жатқандығы белгілі. Екіншіден, шикізаттық емес салада өсу байқалып отыр, ол 32 пайызды құрады. Жергілікті және республикалық бюджет өткен жылға қарағанда өсімді көрсетеді", - деді Б.Сұлтанов.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны