23.01.2009, 10:13 1682

Республикалық бюджетте 2009 жылы Азиада нысандарын салу мен жаңалауға 24 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған

Республикалық бюджетте 2009 жылы Азиада нысандарын салу мен жаңалауға 24 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған

Алматы. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық бюджетте 2009 жылы Азиада нысандарын салу мен жаңалауға 24 млрд теңгеге жуық қаражат қарастырылған. Бұл туралы Алматы қалалық әкімдігінде қаланың 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысына арналған кеңесте әкімнің орынбасары Марат Құдышев мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"2009 жылы Алматыдағы спорттық нысандарды салу мен жаңалауға республикалық бюджетте шамамен 24 млрд теңге қарастырылған", - деді орынбасар.

Алматы әкімі Ахметжан Есімов, "2011 жылғы Азиадаға дайындалу бойынша қалаға айрықша үлкен жауапкершілік жүктеліп отыр. Оған дейін 2 жыл нақты уақыт бар. Ал атқарылатын жұмыстар ауқымды",- деп атап өтті.

"Қалаға 4 нысан беріліп отыр. Берілген ақша да ауқымды - 24 млрд. Біз, әрине, бұл қаражатты игеруге тиіспіз. Азиадаға барлық нысандарды дер кезінде дайындауымыз қажет. Сонымен бірге, Азиадаға дайындық қаланың дамуына үлкен серпін береді. Осы нысандардың арқасында біз дағдарыс уақытында жұмыс орындарын құру секілді қаладағы көптеген проблемаларды шешуге тиіспіз", - деді қала әкімі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны