08.09.2010, 15:17 2870

Республикалық бюджеттің кірісі 2010 жылы 4 пайызға өседі - ҚР Қаржы министрлігі

Республикалық бюджет кірісі 2010 жылы 3517,8 млрд теңгеге, яғни 4 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды таныстырған Б. Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 8 - қыркүйек. Kazakhstan Today - Республикалық бюджет кірісі 2010 жылы 3517,8 млрд теңгеге, яғни 4 пайызға өседі. Бұл туралы бүгін үкімет отырысы барысында "2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды таныстырған Б. Жәмішев мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Қолданыстағы бюджетпен салыстырғанда, бұл 139 млрд. теңгеге немесе 4,1 пайызға артық. Осылайша, 2010 жылдың нақтыланған бюджеті 3 трлн. 517,8 млрд. теңгені құрады",- деді Б.Жәмішев.

Сондай-ақ, қаржы министрі атап көрсеткендей, аталған заң аясында үлескерлердің бүгінгі мәселесін шешуге 17,7 млрд. теңге бөлініп отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны