31.03.2009, 11:48 3391

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 79,9 млрд.теңге бөлінеді

Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 79,9 млрд.теңге бөлінеді

Астана. 31 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 79,9 млрд.теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің жауапты хатшысы Жеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен кезекті аппараттық кеңесте айтылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, ҚР Көлік және коммуникация министрлігі автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов "Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын қайта салу нысандарының құрылыс маусымына дайындығы" жөніндегі баяндамасында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын дамыту бағдарламасын жүзеге асыру үшін үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен 79,9 млрд.теңге бөлінетіндігі туралы айтты. Аталған қаржы жалпы ұзындығы 700 шақырым болатын республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының учаскелерін қайта салуға жұмсалады.

Жол-құрылыс жұмыстары 40 объектілерде жүргізіледі, оның ішінде 20 - жалғасатын учаскелер. Оның ішінде Астана - Щучинск, Щучинск - Көкшетау, Астана - Қостанай - Челябинск, Ресей Федерациясының шекарасы - Орал - Ақтөбе және Қарабұтақ - Ырғыз - Қызылорда облысының шекарасы, Омск - Павлодар - Майқапшағай, Таскескен - Бахты, Атырау - Бейнеу учаскелерін жөндеу және қайта салу.

Екінші жарты жылдықтан бастап Ақтөбе облысының шекарасы - Қызылорда - Шымкент, ОҚО - Тараз - Қордай және Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық транзиттік дәлізі жол бөліктерінде құрылыс жұмыстары жүргізеледі деп жоспарлануда.

Қазіргі кезде мердігерлік компаниялармен 51,6 млрд. тенге көлемінде 54 келісім-шартқа қол қойылды. Жол құрылыс материалдарын дайындау үшін 13,2 млрд.тенге аванс төленді. Бүгінгі таңда сатып алуға жоспарланған ауқымның 45% келісім-шарттары жасалды. Олардың 87% қазақстанда шығарылатын өнімдерді құрайды.

Үстіміздегі жылы жалпы ұзындығы 497 шақырым учаскеде жұмыстарды аяқтап, қолданысқа тапсыру жоспарлануда, делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны