18.04.2008, 17:31 3255

Республикалық тау-металлургиялық және тау-кен өндіруші қауымдастығы мен ENRC Қазақстанда электр қуатының тарифтерін көтеру қажет деп санайды

Республикалық тау-металлургиялық және тау-кен өндіруші қауымдастығы мен ENRC Қазақстанда электр қуатының тарифтерін көтеру қажет деп санайды

Астана. 18 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстанда электр қуатының тарифтерін көтеру қажет. Мұндай пікірді бүгін тау-металлургиялық өндіріс қызметкерлерінің 1 -ші съезінде республикалық тау-металлургиялық және тау-кен өндіруші қауымдастығының(ТМКӨҚ) атқарушы директоры Николай Радостовец пен "ENRC KAZAKHSTAN" президенті Феликс Вулис білдірді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бізде қуат көздерімен қамтамасыз ету мәселелері туындап, бірқатар аймақтарда электр қуатының тапшылығын көріп отыр ", - деді Н. Радостовец.

Оның пікірінше, "тарифтердің көтерілуін тежеу, инфляциямен күрес бұл дұрыс бағыт, бірақ энергетика саласының дамуы қарқынды жылдамдықпен алдыңғы қатарда жүріп отыруы керек". " Қуат көздері мол станциялар жоғары тарифтерді енгізуді қарастырып, электр тапшылығын болдырмас үшін, инвестициялық бағдарламаларды бекітулерін сұраймыз ", - деп ойын толықтырды В. Радостовец.

Ф. Вулис атап өткеніндей, Қазақстанның тау- металлургиялық кәсіпорындардың артықшылығы -олар электр қуатымен үнемі қамтамасыз етіліп отырады.

"Бірақ электр қуаты тарифтеріне мемлекеттік реттеулер жасалып отырса, онда бұл әрине электр қуатының тапшылығына ұрындырып, Қазақстанда жұмыс істеп жатқан ірі қуат көздерінің кеңейтілуін тежейтін болады", -деп айтты ол.

"Мұндай жағдайда бүгінде электр қуатының жетіспеушілігінен бізден артта қалып отырған Оңтүстік Африка Республикасының ферроқорытпа өндірушілерінің жағдайына ұрыну қаупі туындайды ", -деп атап өтті "ENRC KAZAKHSTAN" президенті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны