27.07.2015, 09:23 3938

Республиканыӊ оӊтүстік аймақтарында егін жинау науқаныныӊ нағыз қызған кезі.

Мамандардыӊ бағалауы бойынша дәнді дақылдарды жинаудыӊ қарқыны Оӊтүстік-Қазақстан және Жамбыл облыстарында байқалады, әзірге Қызылорда облысыныӊ аграрлары белсенділік танытпай отыр.

Астана. 27 Шілде. Kazakhstan Today - Мамандардыӊ бағалауы бойынша дәнді дақылдарды жинаудыӊ қарқыны Оӊтүстік-Қазақстан және Жамбыл облыстарында байқалады, әзірге Қызылорда облысыныӊ аграрлары белсенділік танытпай отыр. Облыстық ауыл шаруашылығы басқармаларыныӊ мәліметтері бойынша 23 шілдедегі жағдай бойынша ОҚО-да 72% алаӊда дәнді дақылдар жиналды, 66,9% алаӊдағы дақылдыӊ 234,8 мыӊ тоннасы бастырылды, Жамбыл облысында 66,9% алаӊдағы дақылдыӊ 243,6 мыӊ тоннасы бастырылды. Қызылорда облысында 0,4% алаӊда дәнді дақылдар жиналды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аймақтағы өнімніӊ жақсы түрлерін қамтамасыз ететін негізгі факторлардыӊ қатарында - егістік жұмыстарына дайындық кезеӊініӊ өзінде жүзеге асырылатын шаруашылықтар мен аграрлық құрылымдарды дер кезінде қаржылық қолдау болып табылады. Жалпы Қазақстандағы көктемгі-егіс және жинау жұмыстарын жүргізуге ағымдағы жылы "ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингімен 100,6 млрд. теӊге бағытталатынын атап өту қажет. Бұл көлем холдингтіӊ егістікті және жинау науқандарын қаржыландыруыныӊ өткен жылғы деӊгейінен 16%-ға артық.

Осы ретте қаржыландыру кезінде негізгі күш шағын және орта шаруашылықтарға жасалады. Мысалы, егер 2015 жылдыӊ басынан бастап "ҚазАгро" ұлттық холдингі тобымен агроөнеркәсіп кешенін несиелеудіӊ жалпы сомасы 118,3 млрд. теӊгені құраған болса, шағын және орта бизнестіӊ үлесі 104,5 млрд. теӊгені құрады, бұл жалпы көлемніӊ 88%-ы. Оӊтүстік-Қазақстан облысында ШОБ несиелеудіӊ үлесі 97%-ды құрайды немесе бұл 8,7 млрд. теӊге. Жамбыл облысында - 81% (2,9 млд. теӊге), Қызылорда оьлысында - 84% (3,6 млрд. теӊге).

2015 жылғы егін егу және жинау науқанын жүргізу шеӊберінде "ҚазАгро" ұлттық холдингініӊ компаниялары өӊірдіӊ үш облысыныӊ шаруашылықтарыныӊ өтінімдерін 941,1 млн. теӊгеден астам сомаға қаржыландырды, оныӊ ішінде 507,5 млн. теӊгесі ОҚО шаруашылықтарына, 158,5 млн. теӊгесі - Жамбыл облысына, 281,1 млн. теӊгесі - Қызылорда облысына тиесілі.

Жылдыӊ басынан бастап Оӊтүстік-Қазақстан облысыныӊ аграрлық құрылымдары мен шаруашылықтарына ғана Холдингтіӊ еншілес ұйымы - "ҚазАгроҚаржы" АҚ желісі бойынша 165 бірлік түрлі ауылшаруашылық, топырақты өӊдейтін және арнаулы техникалар жеткізілді.

Аграрлық іс-шараларды өткізуге қолдау көрсету "ҚазАгро" холдингініӊ еншілес компанияларыныӊ қаржыландырудыӊ түрлі құралдары арқылы жүзеге асырылады: астықты форвардтық сатып алу, ауылшаруашылық тауар өндірушілерін екінші деӊгейлі Банктердіӊ кепілдігімен несиелеу, несие серіктестітерін несиелеу, ауылшаруашылық техникаларыныӊ лизингі және басқалар.

Фермерлердіӊ қаржыландыруға қолжетімділігін кеӊейту мақсатында, өткен жылғы сияқты "ҚазАгро" холдингімен кейіннен олар ауылшаруашылық тауарөндірушілерін несиелеуі үшін ЕДБ қорландыру құралы қолданылды. Бағдарламаға қатысатын банктердіӊ саны өткен жылмен салыстырғанда екі есеге өсті - 4-тен 8-ге дейін. Олар бойынша қаржыландырудыӊ жалпы көлемі 33,5 млрд. теӊгені құрайды. Бүгінгі күні 100% қаражат игерілді.

Жалпы Қазақстан бойынша қазіргі күні несиелеу бағдарламалары бойынша 66,6 млрд. теӊге сомасына қаржыландыруға ауылшаруашылық тауар өндірушілерініӊ 3 255 өтінімі мақұлданды (2 242 өтінім, 58,3 млрд. теӊге), 66,1 млрд. теӊгеге 3 220 өтінім қаржыландырылды (2 242 өтінім, 58,3 млрд. теӊге). Егістік алаӊыныӊ жалпы қамтылуы 6,3 млн. га. құрайды, бұл 2014 жылдыӊ деӊгейінен 17%-ға жоғары.

2015 жылдыӊ 17 шілдедегі мәліметтері бойынша "ҚазАгроҚаржы" компаниясымен 10,3 млрд.теӊге сомасына лизингке 1 287 бірлік ауылшаруашылық техникасын сатып алу қаржыландырылды. Егін жинайтын техника бойынша жалпы сомасы 11,5 млрд. теӊгеге 1 266 комбайнды сатып алуға өтінімдер қабылданды, жиынтық сомасы 7 млрд.теӊгеге 937 комбайнға қаржы лизингі шарттары жасалды.

"ҚазАгро" ұлттық басқарушы холдингі" АҚ оныӊ құрамына кіретін компаниялардыӊ инвестициялық активтерін тиімді басқаруды қамтамасыз ету арқылы Қазақстанныӊ агроөнеркәсіптік кешенін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асырады.

Холдингтіӊ құрамына: "Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы" АҚ, "ҚазАгроҚаржы" АҚ, "Аграрлық несие корпорациясы" АҚ, "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ, "ҚазАгроӨнім" АҚ, "ҚазАгроМаркетинг" АҚ, "ҚазАгроКепіл" АҚ кіреді.

"ҚазАгро" холдингі" АҚ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны