23.01.2009, 17:16 3229

Республиканың Жалпы ішкі өнімінде шағын және орта кәсіпорындардың үлесі 2009 жылы 31%-ға жетеді - Индустрия және сауда министрлігі

Республиканың Жалпы ішкі өнімінде шағын және орта кәсіпорындардың үлесі 2009 жылы 31%-ға жетеді - Индустрия және сауда министрлігі

Астана. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Бизнесті дамыту мен қолдауға бағытталған шаралар Республиканың Жалпы ішкі өнімінде шағын және орта кәсіпорындардың үлесін 2009 жылы 31%-ға жеткізуге мүмкіндік беруге тиіс. Бұл туралы еліміздің индустрия және сауда министрі Владимир Школьник бүгін мекемеде үкімет басшысы Кәрім Мәсімовтың қатысуымен өткен алқа мәжілісі барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Министрлік ЮСАИД сарапшысымен және кәсіпкерлер қауымдастығымен бірлесе отырып, жеке кәсіпкерлікті мемлекет тарапынан бақылаудың заманауи жүйесін қалыптастыру үшін "Тексерулер туралы" заң жобасының тұжырымдамасын жасады. Онда жеке бизнесті мемлекет тарапынан бақылауды ұйымдастырудың қазіргі заманғы көзқарасы көрініс тапқан", - деді В. Школьник.

Оның айтуынша, бұл құжатта 67 заң мен 8 кодекске өзгерту енгізу көзделген. Министр бұл заң жобасын биыл тездетіп қабылдау аса маңызды, деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны