11.03.2008, 12:50 1531

Реттелетін коммуналдық қызметтердің 2008 жылы инфляцияға қосатын үлесінің ең шектеулі өсімі 1,5%-дан аспауға тиіс - Мәсімов (толықтырылған нұсқа)

Реттелетін коммуналдық қызметтердің 2008 жылы инфляцияға қосатын үлесінің ең шектеулі өсімі 1,5%-дан аспауға тиіс - Мәсімов (толықтырылған нұсқа)

Астана. 11 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Реттелетін коммуналдық қызметтердің 2008 жылы инфляцияға қосатын үлесінің ең шектеулі өсімі 1,5%-дан аспауға тиіс. Бұл туралы республика үкімет басшысы Кәрім Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Мен 2008 жылы тарифтердің көтерілуі 1,5%-дан аспауға тиіс деген шешімді бекітуді сұраймын", - деді Кәрім Мәсімов.

"Бұл - ең жоғары шек, одан асыруға болмайды", - деді ол.

"Өмірзақ Естайұлы айтқандай, әлі де тереңірек үңіліп көру керек, мүмкін тіпті 1,5%-ға да көтермейтін шығармыз", - деді премьер. "1,5 % - бұл ең жоғары шегі", - деп тағы бір рет шегеледі премьер-министр.

"Біз 2008 жылы инфляцияны 10% деңгейінен асырмауды мақсат етіп қойғанымыз белгілі", - деді Кәрім Мәсімов.

Осыған байланысты үкімет басшысы түрлі мекемелерге бірқатар тапсырмалар берді. Атап айтсақ, Бәсекелестікті қорғау агенттігіне ол "монополистер мен доминанттардың реестріне қандай жаңа кәсіпорындарды енгізуге болады және қайсысын енгізу қажет дегенді қарауды, сондай-ақ, мемлекеттік реттеу мен тарифтік саясаттың тиімділігін арттыру жөнінде өз ұсыныстарын енгізуді ұсынды.

"Энергетика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу агенттігімен бірлесіп электр қуатын мүлдем делдалдарсыз немесе санаулы ғана делдалдарды араластыра отырып сату мәселесін шешуге бағытталған ұсыныс енгізуге тиіс", -деді үкімет басшысы. Ол сондай-ақ, Энергетика және минералды ресурстар министрлігі, Бәсекелестікті қорғау агенттігі мен "Самұрық" мемлекеттік холдингіне көмір мен мазут бағасын 2007 жылдың желтоқсан айындағы деңгейде тұрақтандыруға шара қолдануды тапсырды.

Бұған қоса, Кәрім Мәсімов өңірлерде алынатын экологиялық төлемдерді 2007 жылдың желтоқсан айындағы деңгейде қалдыруды ұсынды. "Сіздердің экологиялық төлемдеріңіз компанияларға қысым көрсету құралына айналды, бірақ оның қайда кетіп жатқаны белгісіз. Сол себепті осы мәселе бойынша да шешім қабылдап, 2007 жылғы желтоқсандағы деңгейде қалдыруды тапсырамын, жалпы осы төлемдерге қатысты мәселенің басын ашып, оның қайда кетіп жатқанын анықтау керек", - деді премьер еліміздің қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа қаратып айтқан сөзінде.

Сондай-ақ, облыстар, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне ағымдағы жылдың 1 қазанына дейін электр және жылу желілерін дамыту жоспарларын жасап бекітуді аяқтауға тапсырма берілді. "Осымен біруақытта Энергетика министрлігі Еуропалық қайта құру және даму банкімен берлесе отырып елімізде электр қуатын үнемдеу механизмдерін дамыту жұмыстарын жеделдетуге тиіс", - деді премьер. Ол электр қуатын үнемдеу көрсеткіштері бойынша Қазақстан Еуропалық Одақтан 5 есе, ҚХР-дан 2 есе артта қалғанын еске салды.

"Бұл кәсіпорындар үшін де, жеке тұлғалар үшін де шектеусіз ресурс болмақ, жалпы қуат үнемдеу - принциптік мәселелердің бірі, сол себепті үкіметтің бір отырысын осы мәселеге жеке арнайтын боламыз" - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны