04.04.2008, 16:36 3195

РФ Алтай аймағының шекара аудандарында ағаштарды өңдеу саласының дамуына алдағы жылдары 5 млрд рубль жұмсалады

РФ Алтай аймағының шекара аудандарында ағаштарды өңдеу саласының дамуына алдағы жылдары 5 млрд рубль жұмсалады

Павлодар. 4 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Алтай аймағында ағаштарды өңдеу саласының дамуына алдағы жылдары 5 млрд рубль көлемінде инвестиция жұмсау жоспарланып отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Аймақтық әкімшіліктің баспасөз қызметі хабарлағанындай, саланы дамытуға арналған қаржы несие алу арқылы тартылады. Банк несиесінің материалдық кепілін орман учаскелері қамтамасыз ететін болады.

"Біз 2020 жылға дейін Алтай аймағында ағаш өңдеу саласының дамуына 5 млрд рубльді мөлшерінде инвестиция салуды көздеп отырмыз. Бұл шығарылып жатқан өнімді 10 есеге ұлғайтуға мүмкіндік береді. Яғни, 16 млрд рубльге бағаланатын терең өңделген өнім болады", -деді Алтай аумағының орман басқармасының бастығы Михаил Ключников.

Оның сөздері бойынша, Алтай аумағының орман саласын дамыту тұжырымдамасында орманды өңдеумен айналысатын кәсіпорындарды кеңейту көзделген. Аумақтың территориясында ағаш кесетін 4 ірі зауыт ашылады. Соның бірі Қазақстан ауданына шекаралас жатқан аймақта орналасатын болады.

"Жылына 600 аз қабатты ағаш үйлерді дайындап шығаратын зауыт құрылысы 2008 жылы аяқталады. Сондай-ақ, ламинаттық USB плитасын шығаратын екі зауыт тұрғызылады. Онда жылына 70 мың текше метр көлемінде дайын өнім шығарылады", - деп атап өтті М. Ключников.

Сонымен қатар жұмыс істеп жатқан және жаңа кәсіпорындардың құрылысы жоспарланған. Олар ағаш үйлерді шығарумен айналысатын зауыттарға қажетті жабдық бұйымдарын шығаратын болады. Сондай-ақ, терезелер мен есіктерді дайындайтын цехтар ашылады. Ресей мамандарының пікірінше, кәсіпорындардың бұл өнімі Ресей мен Алтай аймағынан басқа мемлекеттердің сұранысына ие болады. 2009 жылы бұл кәсіпорындардың құрылысына 700 млрд рубль көлемінде қаржы жұмсалатын болады.

Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Алтай аймағының орман кәсіпорындарының даму бағдары жұқа қабатты, төмен сортты ағаштарды өңдеу мен терең өңдеуге жұмыстарына бағытталған. Ағашты өңдеу саласының дамуына Ресей үкіметінің кедендік баж салығына тыйым салу жөнінде 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап енгізілетін шешімі де септігін тигізеді.

"Бұл салықтар Ресейден жыл бойы орман өнімдерін шығаруға мүмкіндік бермейді. Бүгінде біздің шикі зат өнімдерімізді пайдаланып, онымен жұмыс жасайтын Еуропалық, Қытай, Таяу Шығы пен Азиялық зауыттар тоқтап қалады. Плита және ағаш өнімдерінің сұранысы әлемдік нарықта өседі. Біздің шетелдік бәсекелестеріміз біздің жағдайымызға бейімделіп жұмыстарын дайындағанша біз әлемдік нарықта өзіміздің орнымызды бекітіп аламыз ", - де атап өтті М. Ключников.

Аймақ әкімшілігінің ақпараты бойынша, бүгінгі кезде Алтай аймағының кәсіпорындары кесілген ағаштардың 89 пайызын өңдеумен айналысады. Ал Ресей бойынша бұл көрсеткіш 20 пайызды, Сібір федералдық округында 24% құрайды. Алтай аймағы Сібірде арамен кесілетін материалдарды шығару жағынан Иркутск облысы, Красноярск аймағынан кейін 3 орында , ал Ресей бойынша 5 орында тұр. Аймақтың кәсіпорындары жылына 2,5 млн текше метр ағашты дайындап, оның бір бөлігін Қазақстан тұтынушыларына сатады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны