20.10.2010, 14:09 4101

РФ Қазақстанның бірқатар облыстарынан ет әкелуге салған шектеуді алды

2010 жылдың қазан айында ресей жағының бастамасымен ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Н.Жақыпбаевтың Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары аумақтық инспекциялары бастықтарының және Орынбор облысы бойынша Россельхознадзор Басқармасы бастығының орынбасары Г.Захаровпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 20 - қазан. Kazakhstan Today - 2010 жылдың қазан айында ресей жағының бастамасымен ҚР АШМ АӨК мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының орынбасары Н.Жақыпбаевтың Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан облыстары аумақтық инспекциялары бастықтарының және Орынбор облысы бойынша Россельхознадзор Басқармасы бастығының орынбасары Г.Захаровпен кездесуі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР Ауылшаруашылық министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

АШМ хабарлауынша, кездесу барысында екі елдің шекаралық аймақтары арасында мал өнімдерін жеткізуге бақылау жүйесін нақтылау жөнінде мәселелер талқыланды.

"Кездесу қорытындысы бойынша Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарынан мал шаруашылығы өнімдерін Ресей Федерациясының Орынбор облысына тасымалдауға Россельхознадзормен енгізілген шектеулерді алып тастау туралы меморандумға қол қойылды",- деп хабарлайды баспасөз қызметінен.

Мекемінің ақпараттарына сүйенсек, бұл өз кезегінде, ресейлік кәсіпкерлер үшін өз өнімдерін Ресей Федерациясының Орынбор облысынан Қазақстан Республикасының Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарына экспорттауға мүмкіншілік ашты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны