25.01.2011, 11:51 4135

РФ мұнайдың бір тоннасына салынатын баж салығы 346,6 АҚШ долларына дейін өседі

РФ мұнайдың бір тоннасына салынатын баж салығы 346,6 АҚШ долларына дейін өседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

Астана. 25 - қаңтар. Kazakhstan Today - РФ мұнайдың бір тоннасына салынатын баж салығы 346,6 АҚШ долларына дейін өседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ИТАР-ТАСС сілтеме жасай отырып.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, РФ Премьер-Министрі Владимир Путин 2011 жылдың 1 ақпанынан бастап шикі мұнайға экспорттық кедендік баж салығының мөлшерін тоннасына 317,5 доллардан 346,6 долларға дейін өсіруді қарастыратын қаулыға қол қойған.

Құжат мәтіні бүгін "Российская газетаға" жарияланды.

Шығыс Сiбiрдің 22 кен орнында, Солтүстiк Каспийдің 2 кен орнында мұнайға баж салығы 1 ақпаннан бастап тоннасына 137,6 долларға дейін көтеріледі, бұл 2011 жылдың қаңтар айында 117,5 доллар көлемінде тұрақтап отыр.

Ашық мұнай өнімдеріне экспортты баж салығы 1 ақпаннан бастап тоннасына 226,2 доллардан 232,2 долларға дейін, ал қара мұнай өнімдеріне тоннасына 121,9 доллардан 161,8 долларға дейін өседі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны