09.12.2011, 11:54 3405

Rompetrol Rafinare Қашаған жобасының аясында Agip KCO операторларының тобын дайындады

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Rompetrol Rafinare компаниясы (The Rompetrol Group мұнайды қайта өңдеу бөлімшесі) соңғы 40 жылда ашылған "Қашаған" ірі мұнай кен орны жобасының бірінші кезеңін жүргізуге жауапты "Agip KCO Казахстан" компаниясының тоғыз операторына техникалық оқытудың ауқымды бағдарламасын өткізді", - делінген жұма күні таратылған хабарда.

Астана. 9-желтоқсан. Kazakhstan Today - Rompetrol Rafinare Қашаған жобасының аясында Agip KCO операторларының тобын дайындады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазТаг ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, "Agip KCO Казахстан" компаниясының 9 операторы Rompetrol Rafinare-де оқып шықты. Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ (ҚМГ) баспасөз қызметінен хабарлады.

"ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ Rompetrol Rafinare компаниясы (The Rompetrol Group мұнайды қайта өңдеу бөлімшесі) соңғы 40 жылда ашылған "Қашаған" ірі мұнай кен орны жобасының бірінші кезеңін жүргізуге жауапты "Agip KCO Казахстан" компаниясының тоғыз операторына техникалық оқытудың ауқымды бағдарламасын өткізді", - делінген жұма күні таратылған хабарда.

"Біздер үшін The Rompetrol Group "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының бөлігі болып табылатынын ескеріп осы салада 30 жыл жұмыс бойына жинақталған тәжірибе және ноу-хаулармен біздің қазақстандық ұжымдастарымызбен бөлісу өте маңызды. Біздер сондай-ақ Атырау МҚЗ және Павлодар МҚЗ қызметкерлерін оқыттық", - дейді Rompetrol Rafinare бас директоры Арман Қайырденов.

"Жұмыс орнында оқыту" бағдарламасының міндеті тоғыз операторды The Rompetrol Group ең маңызды активі болып табылатын "Petromidia" платформасында мұнайдың қайта өңделген ағынымен таныстыруға бағытталған. Сонымен бірге бағдарлама қаңта өңдеу процестері, негізгі параметрлерді бақылау, қауіпсіздік және еңбекті қорғау, қоршаған ортаны қорғау міндеттері, сондай-ақ DAV (атмосфералық және вакуумды дистиляттау), DGRS (газды сульфаттан айыру және күкіртті кері айдау) қондырғылары мен су тазартуда операторлардың қиын міндеттеріне қатысты нақты білімді игеруді қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

"Agip" компаниясының мамандары олардың қасиеттері, білімдері мен дағдылары негізінде, сондай-ақ олардың білімді игеруі мен өз үйренгендерін өз қазақстандық ұжымдастарына бере білулері негізінде іріктелді.

Ир кезең соңында операторлар бірқатар теориялық және практикалық тесттерден өтті, бұл жағдайда алынған нәтижелер барынша жоғары болды. Бұдан басқа олар МҚЗ апаттық тоқтап қалуы, іске қосу немесе басқа да ақаулар сияқты оқиғаларды түрлі ынталандыру түрлерін шешуі керек.

North Caspian Operating Company B.V. (NCOC) компаниясы (КазМунайГаз, Eni, Shell, ExxonMobil, Total, ConocoPhillips и INPEX) консорциумының жеті серіктестігі атынан 1997 жылға дейін Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің өнімдерін бөлісу келісіміне сәйкес тағайындалған оператор ретінде әрекет етеді. "Қашаған" жобасының бірінші кезеңіне "Agip KCO" компаниясы жауап береді.

"ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы" АҚ - Қазақстанның мұнай-газ саласындағы мемлекеттің мүдделерін білдіретін көмірсутегілерін барлау, өндіру, өңдеу және тасымалдау, жөніндегі қазақстандық ұлттық оператор. "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ акцияларының 100%-і "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры" АҚ-қа тиесілі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны