24.12.2009, 18:36 3549

Россельхознадзор Қазақстанның 4 өңірінен Ресейдің барлық субьектілеріне ет енгізуге рұқсат берді

Россельхознадзор Қазақстанның 4 өңірінен Ресейдің барлық субьектілеріне ет енгізуге рұқсат берді

Алматы. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - РФ Ауылшаруашылығы министрлігінің Федералдық мал дәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау қызметі (Россельхознадзор) Қазақстанның 4 өңірінен Ресейдің барлық субьектілеріне ет енгізуге рұқсат берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today мекеменің хабарламасына сілтеме жасап.

"РФ Ауылшаруашылығы министрлігінің Федералдық мал дәрігерлік және фитосанитарлық қадағалау қызметі 2009 жылғы 10 маусымдағы хатын ішінара өзгертіп, 2009 жылдың 16 желтоқсанынан бастап аусыл бойынша қолайлы болып келетін Қазақстан Республикасының 4 облысынан, атап айтсақ, Маңғыстау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарынан Ресей Федерациясының барлық субьектілеріне кез-келген мақсатта ірі қара және ұсақ малды, сиыр, доңыз, жылқы және қой етін, және олардан алынған жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді енгізуге рұқсат берілгенін хабарлайды",- делінген хатта.

Ал бұған дейін аталған 4 өңірден Ресейдің 11 шекаралас субъектісіне (Астрахан, Волгоград, Саратов, Оренбург, Челябинск, Курган, Тюмень, Омск, Новосибирск облыстары, Алтай аймағы мен Алтай Республикасына) кез-келген мақсатта ірі қара және ұсақ малды, сиыр, доңыз, жылқы және қой етін, және олардан алынған жартылай фабрикаттар мен дайын өнімдерді енгізуге рұқсат берілген болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны