15.05.2014, 22:58 3056

Рожковское кен орнында жаңа мұнай шоғыры табылды

"ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру" Рожковское кен орнында жаңа мұнай шоғырының табылғанын жариялайды.

Алматы. 15 мамыр. Kazakhstan today. "ҚазМұнайГаз" Барлау өндіру" Рожковское кен орнында жаңа мұнай шоғырының табылғанын жариялайды.

Нақтылап айтқанда, 2013 жылы кен орнының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан U-24 ұңғымасында башқұрт шөгінділерінің қабаттарын сынау кезінде максималды дебиті тәулігіне 1,9 мың мбб болатын жеңіл, сусыз мұнай және тәулігіне 6 млн. текше фут болатын газдың өндірістік ағымы алынды, бұл штуцерде 24/64 (9,5 мм) тең, деп Мұнай және газ министрлігінен хабарлады.

Осыған дейін бұл телімдегі барлау жұмыстары бобрик және турней қабатынан көмірсутек іздеуге бағытталған. Сол себепті, Miller and Lents, LTD компаниясы 2013 жылдың соңындағы жағдай бойынша Қоғамның шикізат қорларын бағалағанда жаңа шоғырдағы қорлар есепке алынбаған.

Осылайша, башқұрт шөгінділеріндегі жаңа шоғырдан шикізат атқылауына байланысты, Рожковское кен орнының қорлары өсуі мүмкін. Қорлардың қаншалықты артатыны келешектегі геологиялық-барлау жұмыстарының нәтижесі бойынша айқындалады.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны