22.01.2015, 09:35 3952

Рүстем Жүрсінов ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды

ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы 2015 жылғы 20 қаӊтардағы шешімімен Рүстем Жүрсінов Басқарма мүшесі, ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды. Ол бүгін, 2015 жылғы 21 қаӊтарда міндетін атқаруға кірісті

Астана. 22 қаӊтар. Kazakhstan Today - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Төралқасы 2015 жылғы 20 қаӊтардағы шешімімен Рүстем Жүрсінов Басқарма мүшесі, ҚР ҰКП Басқарма Төрағасыныӊ орынбасары болып тағайындалды. Ол бүгін, 2015 жылғы 21 қаӊтарда міндетін атқаруға кірісті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Рүстем Манарбекұлы Жүрсінов 1976 жылы 16 ақпанда Өскемен қаласында дүниеге келген. 1998 жылы Қазақ мемлекеттік заӊ университетін (заӊгер), 2000 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару Академиясын (экономист), 2013 жылы "СКОЛКОВО" Мәскеу басқару мектебін (Executive MBA) аяқтаған, деп хабарлайды www.palata.kz тілшісі.

Ир жылдары ҚР Мемлекеттік табыс министрлігі Заӊ департаменті директорыныӊ орынбасары, "GRATA" заӊгерлік фирмасыныӊ серіктесі, "КМГ-Консалтинг" ЖШС бас директоры, "ҚазМұнайГаз" Барлау және өндіру" АҚ құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры, "Самұрық-Қазына" Ұлттық Ил-ауқат Қоры" АҚ Заӊ департаменті директоры (Басқарма мүшесі) лауазымдарында болған. ҚР ҰКП-ға тағайындалғанға дейін "KAZENERGY" Қауымдастығыныӊ атқарушы директоры болған.

Қазақ мұнай-газ саласы заӊгерлері қауымдастығы Басқарма мүшесі, Төрешілердіӊ Корольдық Институты, республикалық салық консультанттары палатасы, Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығы Бақылау Кеӊесі мүшесі болып табылады.

Азаматтық, салық, кәсіпкерлік құқық саласында бірқатар жарияланымдары бар, сонымен қатар адвокаттық қызметті жүзеге асыру құқығына лицензияға ие. Мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін еркін меӊгерген.

ҚР Премьер-Министрі, ҚР мемлекеттік табыс министрі, "Самұрық-Қазына" АҚ Басқарма Төрағасыныӊ құрмет грамоталарымен және алғыс хаттармен марапатталған.

Нұрлан Мұқаев ҚР ҰКП Басқарма Төрағасы орынбасары лауазымынан босатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны