14.02.2014, 19:25 3109

С. Ахметов: Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Агробизнес-2020" бағдарламасына түзетулер енгізіледі

Сондай-ақ, қазір мемлекеттік мүлік қайтарымына 7 млн га ауыл шаруашылық жері жатады. Ағымдағы жылы пайдаланылмаған жерге салық төлемдері көтеріледі.

Алматы. 14 ақпан. Kazakhstan today. Ағымдағы жылы Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша "Агробизнес-2020" бағдарламасына түзетулер енгізіледі. Бұл туралы бүгiн Ақордада кеңейтiлген Үкiмет отырысы барысында ҚР Премьер-Министрi Серiк Ахметов мәлімдеді.

"Өткен жылы "Агробизнес-2020" бағдарламасы қабылданды, ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша заманауи аграрлық секторды қалыптастыруға бағытталады", - деді С. Ахметов.

Премьер-Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша бірыңғай астық холдингі азық-түлік нарығының тиімді қамтамасыз етілуіне бағытталған.

"Қазіргі таңда жер нарығының даму ұсынысы дайындалуда. Ағымдағы жылы ауыл шаруашылық жерлерінің инвентаризациясы аяқталады, оған 30 млн га қалған қаржы, 90 млн жоспарланған көрсеткішінде", - деді ол.

Сондай-ақ, қазір мемлекеттік мүлік қайтарымына 7 млн га ауыл шаруашылық жері жатады. Ағымдағы жылы пайдаланылмаған жерге салық төлемдері көтеріледі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны