06.02.2014, 22:12 2943

С.Ахметов: АӨК қолдаудың жаңа құралдары - ауыл шаруашылығының дамуына жол ашатын революциялық өзгерістер

"Биылғы жылдың қаңтар айында ел Президенті "Агробизнес-2020" бағдарламасында қарастырылған мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын іске асыруға негіз болатын заңға қол қойды. Бұл ауыл шаруашылықтың дамуына жол ашатын революциялық өзгерістер болмақ. Осы арқылы қазіргі кезде ұйымдастыру шараларының аяқталғанын және биылдан бастап толыққанды бағдарламаны іске асыру жұмыстарының басталатынын айтуға болады", - деді С.Ахметов.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Ауыл шаруашылық министрлігі қызметкерлерінің кеңейтілген отырысында Үкімет басшысы Серік Ахметов "Агробизнес-2020" ауыл шаруашылығын дамыту бағдарламасына енгізілген түзетулер туралы айтты.

"Биылғы жылдың қаңтар айында ел Президенті "Агробизнес-2020" бағдарламасында қарастырылған мемлекеттік қолдаудың жаңа құралдарын іске асыруға негіз болатын заңға қол қойды. Бұл ауыл шаруашылықтың дамуына жол ашатын революциялық өзгерістер болмақ. Осы арқылы қазіргі кезде ұйымдастыру шараларының аяқталғанын және биылдан бастап толыққанды бағдарламаны іске асыру жұмыстарының басталатынын айтуға болады", - деді С.Ахметов.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "бастамасыз, іскерліксіз, патриотизмсіз бұл бағдарламаны іске асыру қиын болмақ".

"Қазақстан халқына Жолдауында Мемлекет басшысы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақмерзімді стратегиясының маңызды бөлігі ретінде агроөнеркәсіптік кешенді атаған еді. Және саланы инновациялық рельске өткізу туралы нақты тапсырма берді. Сол себепті 2020 жылға дейінгі ауыл шаруашылық даму бағдарламасына өзгерістер енгізуге қажеттілік туындады", - деді Үкімет басшысы.

Үкімет басшысының айтуынша, жалпы, бағдарламаны іске асыру барысы сауықтандырудың қазіргі механизміне айтарлықтай жетілдірулер керек екенін байқатты.

"Қарастырылған бағдарламалардан 300 млрд теңгенің бір жылда бар-жоғы 18,4 млрд теңгесіне ғана қаржыландыру жұмыстары жүргізілген. Ауыл шаруашылық министрлігіне, Экономика министрлігіне Үкіметке тиісті жұмыс уақытын ұсынуды тапсырамын. Ондағы ұсыныстар нақты көрсетіліп, бір рет қана талқылаудан кейін іске кірісуіміз керек", - деді Премьер-Министр.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны