06.02.2014, 22:35 3070

С. Ахметов ИЖТМ-ге инвестиция тартатын қосымша міндеттерді дайындауды тапсырды

"Біздің елдің кірісі, жалпы ішкі өнім экспорттық мердігерлермен экспорт жағдайына байланысты болады. Біздің алдымызда өндірістің экономикада тұрақтылығын қамтамасыз ететін тапсырмалар тұр", - деді алқа отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов.

Алматы. 6 ақпан. Kazakhstan today. Бүгін Астанада ИЖТМ кеңейтілген алқа отырысында Премьер-Министрі Серік Ахметов инвестиция тартатын қосымша міндеттерді дайындауды тапсырды.

"Біздің елдің кірісі, жалпы ішкі өнім экспорттық мердігерлермен экспорт жағдайына байланысты болады. Біздің алдымызда өндірістің экономикада тұрақтылығын қамтамасыз ететін тапсырмалар тұр", - деді алқа отырысында Премьер-Министр Серік Ахметов.

Бұл орайда оның айтуынша, министрлік инвестиция тарту бойынша жаңа шараларды іздеп, ұйымдастыру керек.

"Біз инвесторлар біздің мемлекетті таңдағанына күмән келтірмеуі керек. Стратегиялық серіктес ретінде салиқалы саясаттың бар екендігіне көз жеткізу керек. Біз ДСҰ-ға енейін деп отырған елдердің біріміз", - деді Үкімет басшысы.

Аталмыш сұрақты Премьер-Министр Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне қатаң қадағалауда ұстауын тапсырды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны