09.02.2015, 21:08 4282

С.Мыӊбаев: Бензин бағасы тағы да арзандауы мүмкiн

Жанар-жағармай бағасы тағы да арзандауы әбден мүмкін. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаев мәлiмдедi

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Жанар-жағармай бағасы тағы да арзандауы әбден мүмкін. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы ОКҚ брифингi барысында "ҚазМұнайГаз" АҚ басқарма төрағасы Сауат Мыӊбаев мәлiмдедi, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"ЖЖМ құныныӊ арзандауы салдарынан бiздiӊ зардап шегiп отырғанымыз түсiнiктi. Бағаныӊ төмендеуiнен тұтынушылардыӊ, халықтыӊ пайда көретiнi анық. Нарықтық баға сондай болса, бiз соған сәйкес жұмыс iстеймiз. Бiзде одан басқа қандай таӊдау бар? Бұдан басқа амал жоқ. Iшкi нарықтағы ЖЖМ бағасына қатысты болжамдарға келетiн болсақ, министрлiк шектi бағаларды бекiтетiнiн бiлесiздер. Алайда олардыӊ деӊгейiн жанар май құю стансаларында реттемейдi", - деген С.Мыӊбаев жанармай құю стансаларындағы бензин құны Энергетика министрлiгi белгiлеген шектi бағадардан төмен болып жататынын да атап өттi, деп хабарлайды bnews.kz тілшісі.

"Болашақта бағаныӊ түсуiн күтiп отырмыз ба деген сауалға келсек, бұл әбден мүмкiн. Себебi, қоймалардағы жанар-жағармайдыӊ жеткiлiктi көлемi одан тезiрек арылу шарттарын туындатады. Оныӊ үстiне, мұнай өӊдеу зауыттарына белгiленген жүктеме министрлiк пен мұнай өндiрушi компания тарапынан төмендетiлмеген. Зауыттар өздерiне белгiленген ЖЖМ көлемiн iшкi нарықтарға жеткiзiп отыр. Ал, қоймалардыӊ лық толық екендiгi белгiлi. Сондықтан, болашақта бағаныӊ тағы да арзандауы әбден мүмкiн", - деп толықтырды өз ойын ол.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны