20.11.2020, 23:05 25316

СҚО монополистеріне 5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды

Қарау нәтижелері бойынша бұл істер қысқартылған өндіріс тәртібімен қаралды, жоғарыда аталған табиғи монополиялар субъектілері бюджетке 4 889 280 теңге мөлшерінде төлем жүргізді.

Алматы. 20 қараша. Kazakhstan Today - СҚО монополистеріне 5 млн. теңге көлемінде айыппұл салынды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік қазақстан облысы бойынша департаменті Ресей Федерациясының Қатынас Жолдары министрлігінің "Оңтүстік Орал темір жолы" Федералдық мемлекеттік біртұтас кәсіпорнының "Петропавл бөлімшесі" еншілес кәсіпорны, "РТЖ" ААҚ филиалы-Оңтүстік Орал темір жолының Петропавл бөлімшесі, "Қызылту Су Арнасы" ЖШС-ы сияқты субъектілерге қатысты әкімшілік істер қозғады.

Субъектілер тарифтік сметаны орындамағаны үшін, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабының 4-бөлігі бойынша жазаланды және айыппұл салынды.

Қарау нәтижелері бойынша бұл істер қысқартылған өндіріс тәртібімен қаралды, жоғарыда аталған табиғи монополиялар субъектілері бюджетке 4 889 280 теңге мөлшерінде төлем жүргізді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны