Система Orphus

СҚО зауыттарымен 8,5 млрд теңгеден астам сомаға шарттарға қол қойылды

21.02.2020, 21:59 6940

Алматы. 21 ақпан. Kazakhstan Today - "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ мен Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Тараптар өңірде жаңа өндірістерді ашуды ынталандыруға және әлеуметтік-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға келісті.

"Самұрық-Қазына" АҚ басшысы Ахметжан Есімов Қор импорт алмастыру бағдарламасы мен "оффтейк-шарттар" механизмі аясында жаңа өндірістер құруды қарастыратын жобаларға көмек көрсетуге дайын екенін атап өтті.

"2018 жылы біз Қордың сатып алу жүйесін жетілдіру бойынша ауқымды жұмыстарды бастап, отандық тауар өндірушілерді қолдаудың басымдылығын атап өттік. Нәтижесінде холдинг ішіндегі сатып алу 25 есе қысқарды және 630 млрд. теңгеден астам қаражат бәсекелес ортаға біздің кәсіпкерлерге берілді. Бәсекелестік орта құру арқылы 36 миллиардтан астам теңге үнемделді", - деді Ахметжан Есімов.

Айта кеткен жөн, "оффтейк-шарттар" шығаруға жоспарланған өнімге алдын ала төлем жасау арқылы ұзақ мерзімді тапсырысқа кепілдік береді. Басты шарт - ҚР-да өнім өндірісінің болмауы және оған Қор компанияларының қажеттілігі.

Сондай-ақ, Қор басшысы қазіргі уақытта Қор импортты алмастыру бағдарламасы аясында елімізде жаңа өндірістер құру бойынша 27 жобаны мақұлдады, жобаларды іске асыруға салынған инвестиция көлемі 215 миллиард теңгеден асады, 1600-ден астам жұмыс орны ашылады.

Мақұлданған жобалардың қатарында СҚО-ның екі ірі кәсіпорны - "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ (ПАМЖЗ) және "С.Киров атындағы зауыт" АҚ бар. Кездесу барысында Қордың портфельдік компаниялары зауыттармен 8,5 млрд теңгеден астам сомаға шарттарға қол қойды.

"ПАМЖЗ" АҚ-мен арнайы техниканы жеткізу үшін 2,3 млрд теңге сомасында, Киров атындағы зауытпен 6,2 млрд теңгеге келісімге қол қойылды. Оның ішінде 3 жылға арналған бір ұзақ мерзімді келісім-шарт бар.

СҚО әкімі қол қойылған құжаттардың өңір үшін маңыздылығын атап өтті.

"Бүгін біз Самұрық-Қазына өңірді дамыту бойынша бірқатар жүйелі шаралар белгіленген Меморандумға қол қойып отырмыз. Қордың қолдауымен Уәлиханов ауданындағы шалғай аудандардың бірінде ұялы байланыс қызметі кеңейтіледі",- деді Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Құмар Ақсақалов.

Меморандум аясында Қор СҚО-ын ТКШ-ны автоматтандыру, қала қауіпсіздігінің мониторингін қамтамасыз ету, 2020-2021 жылдары GSM және LTE стандарттарының 25 базалық станциясын іске қосу сияқты "ақылды" қалалары бар облыс ретінде дамытатын болады.

Бұдан басқа, әлеуметтік саладағы жобалар іске асырылатын болады - балаларды оңалту орталығын құрал-жабдықтармен жабдықтау, медициналық поездың шалғай станцияларға тегін негізде қатынауы, әмбебап спорт ойын алаңдарын салу.

Шағын және орта бизнесті дамыту бағытында 2020 жылға пошта желісі мен электрондық сауданы кеңейту - СҚО-да 10 серіктестік пошта байланыс бөлімшесін ашу және ШОБ кәсіпкерлері үшін электрондық сауда негіздері бойынша семинарлар өткізу жоспарланып отыр.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны